Жоғарғы Соттың Төрағасы Бүкіләлемдік Банк өкілдерімен кездесті

235
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Бүкіләлемдік банктің мемлекеттік секторының бас сарапшысы Амит Мукерджимен кездесті.

Кездесу барысында Бүкіләлемдік банктен қарызы шеңберінде қаржы­ландырылатын сот төрелігі секторын институттық нығайту жобасының іске асырылуы бойынша пікір алмасты.
Атап айтқанда, әңгіме жаңа ақ­параттық технологиялар, Сот төрелігі академиясы мен сотты әкімшілендіру саласын дамыту жобалары туралы өрбіді.
Тараптар жоба шеңберінде көзделген іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ нақты ұйымдастырушылық мәселелер мен олардың іске асыру мерзімін талқылады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*