Түлектер өз тәжірибесімен бөлісті

308
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында «Жастар кадрлық резерві» (ЖКР) партиялық жобасы түлектерінің кездесуі өтті.

Партия филиалы қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты бір үстел басына барлық түлектерді – жобаның 2009-2016 жылдар қатысушыларын жинап, жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылады.

Жастардың әрқайсысы өз қызметінде табысты және осы жобаның ғана емес, облысымыздың мақтанышы болып табылады. Олар өздерін кәсіпқой маман ретінде жүзеге асырды. Жобаға қатысушылардың алғашқы тобында қазіргі облыстық мәслихат «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Екатерина Смышляева да болған.

– «Біздің түлектер өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр, және әрқайсысы қазіргі таңда жетістіктерге қол жеткізді, бұл өте керемет көрсеткіш деп ойлаймын. Айта кету керек, жобаға қатысу және  оқу барысында резервшілермен алынған дағдылар мен білімдер сәтті мансап құру үшін өте қажетті», – деп атап өтті Смышляева.

Владимир Алексанин де жобаға 2011 жылы қатысқан. Бүгін ол, бір жағынан осы жастар жобасына қатысудың арқасында Қостанай облысы «ГрИн» ҚФ табысты жаттықтырушы-оқытушы, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жобасының үйлестірушісі ретінде өңірге өте танымал.

– Мен үшін бұл жобаға қатысу – үлкен өмір мектебі. Астанаға барып, оқыту  үрдісіне қатысып, тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған ұлы тұлғалардан сабақ алу – бұл кез келген жас кәсіби маман үшін орасан зор тәжірибе деп есептеймін», – деп атап өтті Владимир.

Кездесу барысында жастар арасында болған әңгіме нәтижелі болып, осы жобаның жұмысын жетілдіру бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстар партияның Орталық аппаратына жіберілетін болады.

Айта кету керек, жобаның түлектері арасында мұндай кездесулерді өткізу және тәжірибе алмасу болашақта жақсы  тәжірибеге айналуы мүмкін.

Еркін ҚАЛДАН.

Бөлісу:

Пікір жазу


*