«Бірыңғай қабылдау күні» акциясы өтті

239
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау аясында азаматтарды «Біріңғай қабылдау күні» акциясы өтті.

Акцияға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Екінші деңгейдегі банк өкілдері қатысып, жергілікті тұрғындарға жан-жақты кеңестер берді.

Акция мақсатымен таныстырған облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Мақсұт Баекеев: «бүгінгі таңда өңірімізде 16 мыңнан астам жұмыссыздар мен 122 мыңға жуық өзін-өзі еңбекпен қамтығандар бар. Тұрақты табысы жоқ азаматтар салық органына тіркелмейді әрі ресми жұмыссыздар қатарын толықтыруы мүмкін. Сондықтан осындай акциялар арқылы біздер алдымен азаматтарға кәсіп ашуға  қолдау көрсетсек, екіншіден жұмыссыздықты азайтамыз және мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін тұрғындарға насихаттаймыз», –  деді.

Аймақтық және барлық аумақтық филиалдарда ұйымдастырылған «Бірыңғай қабылдау күні» акциясына 167 азамат қатысты. Олар жаңадан кәсіп ашу, соның ішінде  мал бордақылау, мал тұқымын асылдандыру секілді шаруашылықпен айналысуға несие алу, оған көрсетілетін жеңілдіктер төңірегінде сауалдарын жолдап, арнайы мамандар тарапынан  жан-жақты кеңестер алды.

Еркін ҚАЛДАН.

Бөлісу:

Пікір жазу


*