Ауған соғысы ардегерлерімен кездесті

257
0
Бөлісу:

«Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында интернационалист жауынгерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жиналған қауым  Елбасының биілік тармақтарын қайта бөлуге байланысты арнайы Үндеуі мен Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын да талқылады.

Жиын барысында Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, қалалық автобус паркінің жетекшісі Әсия Шәрімова еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы жаңа эконмика моделінің құрылуы жөнінде айтты.

Ал ауған соғысының ардагерлері Қанат Бралин мен Жанатай Құсайынов әскери қызметтері жөнінде әңгімеледі. Қанат Бралин ауған соғысының ардагерлері жастарды патриотизмге тәрбиелеу ісіне зор үлестерін қосып келе жатқандығын айтып, кездесуге қатысқан студенттерге ҚР қарулы күштерінің құрамы мен қызметі жөнінде толық ақпарат берді. Болашақ жауынгерлердің кез келген сынаққа дайын, батыл, сондай-ақ жоғары   білімді, өмірлік қағидаттары  бар мықты азамат болуы керектігін жеткізді. Кездесу еркін сипатта өтіп, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*