Мәңгілік елдің мұраты асқақ

354
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиал кеңсесінде Елбасының жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға орай өткен «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» тақырыбында бастауыш партия ұйым төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары арасында кездесу өтті.

Бұл жиында «Ганюшкин», «Ақкөл», «Бірлік» бастауыш партия ұйымдары төрағаларының  «Мәңгілік ел» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған талқылау, түсінік жұмыстарын жүргізу туралы хабарламасы тыңдалды.

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өркен Тәжібаевтың жүргізуімен өткен жиында «Ганюшкин» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауылдық округ әкімі Мұғалім Мұрабек:

– Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістікке толы жолдардан өттік және бүгінде тәуелсіз Қазақстанның, қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз. Біз – Қазақстан азаматтары, Н.Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, болашағы біртұтас ел – Мәңгілік Елді құру жолында бірге болып, жастарды да жұмылдырып, келешек солардың қолында екенін санасына сіңіртіп айта беруіміз қажет, – деді.

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты Жұмажан Шакупов «Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыру – бұл жаһандық ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен бірге жаңа тарихи ахуалдағы дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі жоспары екенін атап өтті», – деп Ұлт жоспарының мақсатын, еліміздің келешегіне деген игі қадамдары туралы тебірене сөйледі.

Жиында сөз алған мәслихат депутаттары «Еліміздің алдында зор мақсаттар тұр. Соның барлығы Ұлт жоспарында нақты белгіленген. «Қазақстан – 2050» стратегиясы алдағы онжылдыққа арналған айтулы бағдарлама. Олай болса, олардың барлығын іске асыру еліміздің экономикасын, әлеуетін бүгінгіден де биік белеске жеткізері сөзсіз. Мәңгілік ел болудың кілті Ұлт жоспарының шынайы түрде нақты іске асырылуында деген байламға келді.

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*