Дональд Трамп: Обама Американы ластап кетті

318
0
Бөлісу:

Дәл қазір  АҚШ-тағы тартыс әлі басылған жоқ. Өйткені сегіз жылдан астам уақыт бойы Ақ үйді билеп-төстеп келген Барак Обама биліктен кетсе де, бірақ әлі бағы тайған жоқ.

Сондықтан қазіргі уақытта Обаманың жақтастары қандай жағдайға қарамастан, Дональд Трамп қожайындық етіп отырған Ақ үй әкімшілігінің әрбір әрекетін жоққа шығаруға тырысуда. Бірақ одан ығатын Трамп жоқ. Қарсылыққа тап болса да, сайлауалдында берген уәделерін орындауға тырысуда. Елге ентелеген мигранттарға тоқтау салатын жарлық шығарды. Кедергіге тап болды. Енді қайтпай, тағы да келімсектер туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Мексикамен арада тұрғызылатын қабырғаның  өзі талайдың наразылығын туғызды. Қысқасы, Дональдты менсінбей отырған, сегіз жыл бойы елді билеп-төстеп келген демократтар әлі де әлеуетін көрсеткісі келеді. Бірақ…

Дональд Трамп та ешкімнен ықпайтынын дәлелдеп отыр. Ол өткен аптада «Осы уақытқа дейін Барак Обаманың әкімшілігі елдің іші мен халықаралық аренаны әбден былғады. Американың атына кір келтірді. Енді мен нұқсан келген АҚШ-тың абыройын қайтадан көтеруім керек, – деді ол алғашқы өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Ақ үй қожайыны АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарын да сынға алды. Трамптың ойынша, «олар бақылаудан шығып кеткен. Өзіндік позициясы жоқ. Кім ақша берсе, соның сөзін сөйлейді. Нақты емес ақпаратты таратуға әуес. Елдегі «The New York Times  және Washington Post» басылымдары адал емес».

Қазір бар мәселе «алдағы уақытта Ресеймен арада жағдай тұрақтала ма?» дегенге тіреліп тұр. Бұған байланысты Дональд Трамп «Орыстарға қатысты қатаң саясат ұстануға әбден болады. Бұл АҚШ билігі үшін өте тиімді, бірақ Америка халқы үшін оның еш пайдасы жоқ. Егер Ресеймен арада қатынас жақсы дамыса, ол бізге де жақсы, бірақ жаман да емес» деп мәлімдеді.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*