Кукушкин үшінші кезеңде

202
0
Бөлісу:

Соңғы кездері сәтсіз өнер көрсеткеннің салдарынан әлемдік рейтингте «ТОП – 100» теннисшінің қатарынан түсіп қалған Михаил Кукушкин қазіргі кезде АҚШ-тың Мемфис қаласында өтіп жатқан турнирде бақ сынауда.

Бұл жарысты жерлесіміз жақсы бастады. Тұсаукесер кездесуде ол германиялық Бенджамин Беккерден басым түсті – 6:3, 6:4. Екінші кезеңде Барбадостың өкілі Дариан Кингті қапы қалдырды. Бұл ойында екі сетке созылды – 6:3, 6:0. Бір айта кетерлігі, жоғарыда есімдері аталған қос теннисшіде үздіктер санатында жоқ. Сол себепті6 Кукушкин үшін нағыз сынақ әлі алда деп айтуға толық негіз бар. Үшінші айналымда қазақстандық өрен  Стив Джонсонмен кездеседі. Ол өте мықты ойыншы. 27 жастағы АҚШ-тың тумасы АТР турнирлерінде екі рет топ жарып, жұптық сайыста Рио Олимпиадасында қола медальді иеленді. Бұл күндері Джонсон әлемдік рейтингте 30-орынды иеленуде.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*