Студенттер жолдаумен танысты

242
0
Бөлісу:

Алматыда қалалық филиалы «Жас Отан» ЖҚ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Қазақстан халқына арналған жолдауымен танысуға арналған кездесу өткізді.

Жастар саясатын дамыту бөлімнің басшысы Нұргүл Кайдаулова сөз тізгінін Елбасымыздың жолдауының маңыздылығымен бастап, Алматы Жастар конгресінің жетекшісі Сандуғаш Сандыбаеваға сөз берді. Өз кезегінде Сандуғаш Қалжанқызы Елбасының жолдауына баяндама жасап, биылғы жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталды.

«Жас Отан» ЖҚ-ның мүшесі Әлібек Қызайбай кәсіпкерлікке басты назар аударып, көшбасшы қыздармен студенттік шақтан бастап бизнес ашу, сүйікті іспен айналысу тақырыбын қозғады. Елбасының:  «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек»,-деген сөзін алға тартты.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*