Күлкі керуені

138
0
Бөлісу:

Арман-ай

Шірке-ен! Тезірек байып алып, «Бақыт ақшада емес» деп көлгірсіп отырсам ғой.


Ділгірме

– Институтта оқып-білгендеріңді ұмыт! Мұнда саған оның еш қажеті болмайды.
– Мен институтта оқымағанмын.
– Онда сені жұмысқа қабылдай алмаймыз. Бізге тек жоғары білімді маман керек.


Әйел байғұс

Әйел деген әлсіз де қорғансыз жаратылыс. Иә, солай… бірақ оның құрығынан бір де бір еркек құтыла алмайды.


Ауызбастырық

– Әйеліме гаухар жүзік сыйладым. Содан бері, оның маған қарап ауыз ашпағанына, міне, үш аптаның жүзі болды.
– Қой? Сен оған гаухар сыйлайды екенсің, ал ол болса, саған сөйлемей қояды… Мұны қалай түсінуге болады?
– Менің қойған шартым да сол болатын.


Қызық қысқарту

– Бүгін біздің бөлімнің алдына бастық міндет қойды: айдың аяғына дейін елу адамды қысқарту керек.
– Не? Елу адам? Әй, сендерде бары жиырма-ақ адам емес пе?
– Тапсырманың аты тапсырма! Тағы 30 адамды жұмысқа қабылдаймыз да, айдың соңында түгел айдап шығамыз.


Жарықтық жалқаулық-ай
Ғалымдардың зерттеуінше, адамның ең жылдам әрі терең ұйықтап кететін кезі таңертең сағат шырылдағаннан кейінгі уақыт екен.


Отағасы

Ерлі-зайыпты өміріміздің алғашқы жылында бір мәселеге байлынысты әйелім бірде:
– Отау иесі сенсің ғой, сондықтан сен шеш, – деп қалды.
– Қалайша мен қожайынмын? – дедім мен. – Сенсіз мен ешбір мәселені шеше алмаймын ғой.
– Бәрібір сен басшысың.
– Қалайша?
– Айттым – болды! Дауласпа менімен! – деді әйелім. Содан бері мен – жанұямның басшысымын.

Дайындаған Бұлан ЖАПА

Бөлісу:

Пікір жазу


*