Мамандық таңдаудан қателеспеген дұрыс

221
0
Бөлісу:

Алдағы уақытта роботтар сіздің жұмысыңызды тартып алуы мүмкін бе? Бұл сауал күннен-күнге өзекті бола түсті. Мәселе өте күрделі. Бүгінгі қоғамда жасанды интеллект, автоматтандырылған өнеркәсіпті басқаруды меңгеру, жаңа технологиялар бас айналдырарлық жылдамдықпен дамып келеді. Соның салдарынан компьютерлер немесе роботтар атқара алатын жұмыс орындары көбейіп, адамдар нәпақа табу мүмкіндігінен айырылуға жақын қалды.

Оксфорд мамандары барлық мамандықтың 35 пайызы келесі 25 жылда автоматтандырылатынын айтады. Сондықтан алдағы уақытта жұмыстан айырылып қалмас үшін мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаған жөн. Шы­нын­да да, болашақта қандай ма­мандықты таңдаған жөн? Мысалы, оларды төртке бөліп қарастыруға болады.

Жасампаздық пен ептілік
Суретшілер, артистер, кәсіби спортшылар, ат­лет­тер, музыканттар және т.б. мамандық ие­леріне алаңдауға негіз жоқ. Бұл мамандық ие­ле­рін роботтар алмастыра алмайды. Компьютерде шы­ғармашылық қабілет жоқ. Иә, компьютер үлгі ретінде өзге суреттер мен жаңылтпаштарды пайдалана отырып, өлең немесе су­рет шығаруы мүмкін. Алайда бұл шынайы шығармашылық емес. Ро­боттар адам секілді футбол ойнап, Tour de France веложарысын көре алмайды.
Егерде сіз қылқаламның хас ше­бері, атлет болмағаныңызбен өз са­лаңызда жоғары дәрежелі, мық­ты маман болсаңыз еш уайым­даудың қажеті жоқ. Өз біліміңіз бен білік­ті­лігіңізге сенім артыңыз. Мұн­дай­да роботтар сізбен теңесе ал­май­тыны анық.

Бірге мазасыздану
Компьютер орындай алмайтын тағы бір мәселе – мазасыздану. Адам­ның ой ұшқырлығын, сезімін, ой-қиялын талап ететін кез келген ма­мандық келешекте автоматтан­дырыла қояр ма екен?
Ең дамыған жасанды интеллект тұтынушылардың белгілі бір қыз­мет­ке қатысты негізгі сұрақтарына, те­лефон қоңырауларына жауап бе­ре алатындығына қарамастан, олардың бірнеше жұмысты бір-ақ ат­қаратын терапевтердің орнын ба­са алмайды. Одан бөлек, әзірге ро­­ботқа ветеринар, кеңесші, мед­би­ке, тіс дәрігері, жаттық­тыру­шы, тәр­биеші, ұстаз болу «бақы­ты» бұйырмаған.

Ерекшелік
Кеңінен тұтынуға байланысты мамандықтар автоматтандырылмақ. Сондықтан ерекше білім мен қа­бі­летті керек ететін мамандық иелері алаңдамаса да болады. Мысалы, гид­терді роботпен алмастырудың мәні жоқ. Шаштараз, бет әрлеу­ші­лер тұтынушылардың жеке ерек­ше­ліктерін ескере отырып, талаптарын орындау үшін көп ізденеді, еңбек­тенеді. Бұған компьютер қабілетсіз. Сонымен қатар орманшы, фло­рис­терге де әзірге уайым жоқ. Олардың да жұмысы роботтың қолынан кел­мейді.

Технологиялар
Компьютерлер мен роботтарды құрастыратын, жөндейтін және қыз­мет көрсететін мамандар жұмы­сы қауіпсіз. Қалай болғанда да, ав­томаттандырылған жүйені, әсіресе, бастапқыда біреу бақылауы, жұмы­сында қателік кетпеуін тексеруі қа­жет. Тіпті егер компьютерде са­ты­латын жарнаманы құрастыруға бағ­дарламалауға болса да, сауданың қажетті брендпен байланысты еке­ніне көз жеткізетін маркетолог қа­жет. Бұл технологияда қызмет ат­қа­ратын кейбір мамандардың орнын компьютерлер бәрібір алмас­тыра­ды. Қалғаны бақылаушы рөлін ат­қар­мақ.
Енді ірі компанияларға бухгал­терлік есептерді жүргізуге штатқа жеке-жеке қызметкер алудың қаже­ті болмауы мүмкін. Тек онымен ком­­­пьютердің жұмысын бақылай­тын
бір ғана адам айналысады. Ав­томат­тандырумен, техникалық қыз­­мет көрсету, құрылғы орнату, ст­­ра­тегия­лармен байланысты ма­мандықтарға деген қажеттілік арта береді.
Ең соңында, жаңа роботтар мен жа­санды интеллектті ойластырушы, жобалаушы, құрастырушы адамдар әрине, өз жұмыстарын жоғалтпай­ды. Олар – инженерлер, бағдарла­ма­шылар, мәліметтерді игеру мен са­раптау жөніндегі мамандар және т.с.с.

Түйін:

Өмірде мамандық таңдаудан қателеспеген дұрыс. Сіздің мамандығыңыз осы төрт деңгейге сәйкес келе ме? Егер сәйкес келмесе, мамандығыңызды ауыстыруға дайындалу қажет болар…

 

Жадыра ҚОЖАХМЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*