Қазақстан қарыштап дамып келеді

314
0
Бөлісу:

Жанатбек ІШПЕКБАЕВ,  Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғылымдар кандидаты, профессор:

– Бұл күндері Қазақстанның түк­пір-түкпірінде ел өмірі үшін екі аса маңызды құжат кеңінен тал­қы­ланып жатыр. Оның бірі – Пре­зидент билігінің бір парасын би­ліктің басқа тармақтарына беру­ге қатысты мемлекеттің сая­си реформасын баяндаған Ел­ба­сымыздың кезектен тыс мәлім­де­месі болса, келесісі – Прези­ден­ті­міз­дің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауының 2017 жылғы мазмұны. Атқарушы, заң шығарушы биліктегілердің бар­лығы дерлік аймақтарға шы­ғып, осынау маңызды құжаттарды кеңінен насихаттауда. Айтыңыз­шы, ұлт тәрбиесінің қара шаңы­ра­ғы саналатын Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінде осынау маңызды құжаттарға көзқарас қандай?
– Біздің үлкен ұжымда да осы маңызды құжаттарды сту­дент жастарымызға жан-жақты тү­сіндіру үшін жыл сайынғы дәс­түр бойынша университет рек­­торы Серік Пра­лиевтің бас­шы­лығымен «Бас штаб» құры­лып, іле-шала жұ­мыс­қа кірісіп кетті. Ескерте ке­те­тін бір тұс – Президент Жол­дауы­ның дәл осылай шығуын біз көп­тен күт­кен едік. Себебі, бір ақи­қат бел­гілі, ол – Елбасымыз өз қызме­тін­де «әуелі экономика, сонан соң басқасы» деген ұста­ным­мен жұмыс істесе де ұлт Көш­­бас­шы­сының негізгі ұста­нымы – «ин­теллектуалды ұрпақ тәр­биелеп, интеллектуалды ұлт қа­лып­тас­тыру» болғандығы. Мұны осыдан бес-алты жыл бұрын Президен­тіміз «Болашақ» бағдарламасы бойын­ша әлемнің ең таңдаулы оқу орындарында б­і­лім алып кел­ген талантты жас­тар­мен кез­де­суін­де жалпақ жұрт­қа ашық мәлім­деген бола­тын. Сол шақ­та еге­мендік алған тәуел­сіз мем­ле­кет басшылары­ның ара­сы­нан біз­­дің Прези­ден­тіміздің ға­на бо­­ла­шаққа көз тіге ала­ты­нын осы ісі-ақ дәлелдеп тұрған жоқ па? Келе-келе эконо­миканы даму арнасына бір са­лып алған соң, Нұрсұлтан Әбішұлы елі­міз­дегі барлық білім ошақтары мен ордаларын ком­пьютерлендіруді ат­қарушы би­лікке ерекше маңыз­­­ды тап­сыр­ма ретінде жүк­теді. Әрі осынау тапсырмасының орындалуын өзі жіті қадағалап отыр­ды. Бұл істі де посткеңестік ау­мақта бірінші болып атқарып шық­тық. Тұң­ғыш Президентіміз бұ­ған да тоқ­мейілсіген жоқ. Көп ұза­май, Назарбаев мектептері дей­­тін оқу ордалары өмірге келе бас­­­тады. Есіңізде болар, 2007 жыл­­ғы Нью-Йорк қор бир­жа­сын­­­да бас­талып, бүкіл әлемге тұ­маудай та­раған дүниежүзілік дағдарыс күні бүгінге дейін жал­пыадам­зат­­тық экономиканы теңселтіп тұр. Осыны дер кезінде же­те се­зі­ніп, сондай-ақ бет­бұрыс­т­ы бір шара қолдану қа­жеттігін дөп ба­­сып тани білген де Нұрсұлтан Әбішұлы болатын. Ол атқарушы билікке «ақылды экономика» құру жөнінде шұғыл және ке­шен­­ді бағдарлама қабыл­дау жө­нін­де нақты тапсырма берді. Сол бойынша «2010-2020 жыл­дарға ар­налған индустрия­лық-ин­но­ва­циялық даму бағ­дар­ламасы» өмірге келді. Содан бері өткен аз ғана уақыт ішінде Қазақстан эко­номикасы өндіріп экс­порт­тай­тын тауарлар ара­сын­да атау­ла­рын біз ешқашан есті­меген өні­мдер өмірге келе бас­тады. Со­ған орай маман­дық­тар да ау­қымын кеңейтті.
Бір риза болатын тұс – Көш­басшымыз әрбір іске кең ау­қым­ды қарайтындығы. Қа­зақ­стан­ның 2050 жылға қарай әлем­нің ең озық 30 елінің сапында болуы деген сөз мемлекетте өн­­ді­рілетін өнім түрлері мен кө­ле­мінің ай­тарлықтай ұлғая­ты­нын көрсетіп тұр емес пе?! Осы­ны өзгенің бәрі­нен бұрын көре біл­ген Елба­сы­мыз «Ұлы Жібек жо­лы» арна­ла­рының ұзар­тыл­уын, кеңей­тілуін және ха­лық­­аралық талап­қа сай жұмыс іс­теу­ге қабілетті болуын қамтамасыз ететіндей нақ­ты іс-шарасын – «Нұрлы жол» бағдарламасын жа­сатты­рып, іске қосты. Бүгінгі Қа­зақ­стан, міне, осындай екі ау­­­қымды және ұзақмерзімді бағдарла­малар­мен жұмыс істеп жатқан ел. Қазірдің өзінде тілдік қоры­мызға жаңа өнімдер мен қыз­меттер, мамандықтар атау­лары ене бастады. Осылардың бәрін рет-ретімен үлкен бір тіз­бекті іс деп қарастырар болсақ, онда ұлт Көшбасшысының не­гіз­гі ұста­ны­мы мен мақсаты ай­қын көрі­не бастайды, ол – мүлде жаңа өн­дірісті, «ақылды эко­но­ми­ка­лы» мемлекет құра отырып, ұрпақ­­тың, ұлттың болмыс-біті­мін, менталитетін түбегейлі өз­гер­ту, жақсы да сапалы биік дең­­гейге көтеру. Жоғарыда ай­тып кеткеніміздей, қазірдің өзін­­де Қазақстанда атауларын бұ­рын-соңды мүлде естімеген қыз­меттер мен өнімдер, ма­ман­ды­қ­тар бар десек, онда 50-жыл­дарға қарай олардың жалпы өнім мен қыз­метте ала­тын үлес сал­ма­ғын дәл қазір болжап білу мүм­кін бе? Болжаудың өзі қиын дең­гей. Десек те, бір ақиқатты анық байқаймыз. Ол – Қазақ­стан­ның бұдан былайғы жерде аг­рарлы, шикізаттық аймақ бо­лып қалмайтындығы. Ол-ол ма, мүлде жаңа экономика құрыла­тындығы.
– Елбасымыздың биылғы Жол­дауында «Цифрлық Қазақ­стан» деген сөз бар. Барша оқыр­ман қауымға осының түп-төркінін жете түсіндіре кетсеңіз?
– Иә, бүгінгі Қазақстан бұ­дан 25 жыл бұрын біз көрген ел­ден мүлде бөлек. Қазақстан қа­рыштап дамып келеді. Бұрын лауазымды тұлғаларға жолығып, «ба­тасын алмай» мәселені шешу қиын еді. Қазір қазақстандықтар қызметтің көп түрін мемлекеттік шенеуніктердің қарасын көрмей де игілікке айналдырып жатады. Халыққа қызмет көрсету ор­та­лық­тары жайлы айтып тұрға­ным­ды түсінген боларсыз. «Цифр­лық Қа­зақстан» дегеннің ұғымы мей­лінше, кең де ауқымды. Бұл жос­пар жүзеге асқан шақта, қа­зақстандықтар халықаралық қыз­меттердің де көп түрін үйінен шық­пай жатып игілігіне айна­л­дыра алады. Қазіргі өмірімізде «Цифрлық телевидение», ұялы те­лефон, интернет қызметтері дей­тін бар. Енді әлгі өзіңіз атаған бағ­дарлама жұмыс істей баста­ған­да, бұлардың қызметін игі­лік­ке айналдыру мүлде қолже­тім­ді және жедел жүзеге асыра­тын іс болып шығады. Қысқасы, Қа­зақстан өркениетті елдердей өмір сүруге толық бет бұрды.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*