Жолдау бағыттары талқыланды

238
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунованың қатысуымен облыстың партия активі өткізілді. Іс-шараның барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Іс-шараға облыстық аймақтық мәслихаттарының депутаттары, партиялық бастауыш ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, этно­мәдени бірлестіктердің, мәдениет, спорт өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері қатысты.
Наталья Годунова өз баяндама­сын­да экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының бағыттарына, индустрияландыруына, өнеркәсіп пен инфрақұрылымның дамуына басты назар аударды.
Сондай-ақ ол Жолдаудын әлеу­меттік бағыттары халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналғанын ерекше атап өтті: «Жаһандық эко­номикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда тұрақтылық сақталуда, кәсіпкерлік субъектілерге нақты көмек көрсетілуде. Сонымен қатар денсаулық сақтау мен білім беру бойынша әлеуметтік бағдарламалар орындалуда».
Активке қатысушылар өз тарап­тарынан мемлекеттік бағдарламалар­ды жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді. Мәселен, ауыл тұр­ғындарына өз ісін ашуға немесе дамытуға арналған несиелерді беру ке­зінде кепіл сомасын азайту, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандар үшін тұрғын үй салуды қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ жастарды деструктивті сипаттағы ақпараттар беретін интернет қорлардан сақтау жөніндегі жұмысты күшейту, ор­та­лықтандырылған деңгейде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарлау сияқты мәселелер де көтерілді.
Активтен кейін Наталья Годунова «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы төрағасы, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің халық алдындағы есебіне қатысты.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*