Партия инклюзивті білім беруді қолдайды

102
0
Бөлісу:

2016 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде ерекше білім беру жағдайын қажет ететін 145 мың бала бар. Олардың 96 мыңы мектеп жасындағылар болса, 48 мыңнан астамы мектепке дейінгі балалар. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен инклюзивті білім беру мәселесін талқылау және шешу жолдарын іздеу тақырыбындағы дөңгелек үстелде партия хатшысы Фархад Қуанғанов баяндады.

Инклюзивті білім беру – ба­лалардың физикалық, пси­хикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілі және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру ортасында сапалы білім алу үшін барлық кедергілерді жойып, әлеуметтік бейімдеу.
Фархад Қуанғанов Қа­зақстанның осы саладағы же­тіс­тігінің басы деп 2002 жылы ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы заңнамасын атап өтті. Сонымен қатар ол инклюзивті білім беру идеясы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында расталғанына тоқталды. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кедергісіз аймақпен қамтамасыз етуге шақырғаны жөнінде айтты.
– Республика бойынша ба­лабақшалардың 52,9 пайызы, мектептердің 44,4 пайызы ғана инклюзивті білім берумен қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жеткіліксіз. Бұл категориядағы балалардың ата-аналары бала­ларының сапалы білім алып, сол ортаға қалыптасуы үшін тұрып жатқан жеріндегі мектептерде оқытады. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар аталмыш заңның жүзеге асуыруындағы мәселелерімен тұрақты айна­лысып келеді, – деді ол.
– «Нұр Отан» партиясы Қа­зақстан мүгедектер конфе­дерациясы сияқты үкіметтік емес ұйымдармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге партияның «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруда жұмыс атқаруда. Яғни, мүмкіндігі шек­теулі жандардың өмір сапасын жақсартуға арналған жоба арқы­лы Елбасы тапсырмасын орындауда шет қалмақ емес, – деді партия хатшысы.
Н.Назарбаев 2015 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңына қол қойғаннан кейін қазақстандық қоғамда материалдық игіліктердің қолжетімділігі мәселесінен гөрі мүгедектердің қоғамдық өмірге қатысуына, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту салаларының ресурстарын пайдаланып, тұлға ретінде дамып қалыптасуына кедергі келтіретін әлеуметтік тосқауылдарды анықтау, теңдікті қамтамасыз ету сияқты көкейтесті мәселелерге ерекше көңіл аударыла бастады.
Алайда инклюзивті білім беруді барлық жерлерде енгізу процесі айтарлықтай деңгейде емес. Себебі, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың барлық санаттары қажет ететін кедергісіз орта мен жалпы білім беру бағдарламалардың қолжетімділігі білім беру ұйым­дарында толықтай қамтамасыз етілмеген.
Парламент Мәжілісі де­путаты Бақытгүл Хаменованың Президент Жолдауларында адам капиталы, соның ішінде мүгедек жандарға ерекше көңіл бөлінуі керектігі жиі айтылатынын атап өтті. Бірақ бұл салада шешімі табылмаған мәселе көп.
– Инклюзивті мектептерге зерттеу жүргізгенімізде ондағы мұғалімдердің арнайы курстық білімі болмағандықтан балаларды оқытуда қиындықтар кездесіп отыр. Инклюзивті біліммен балалар қамтылғанымен ми­нистрлік тарапынан арнайы бағдарлама жоқ. Мұндай білім беру ошағы – мектепке дейінгі білім беру орталықтары мен балабақшалар. Қазақстанда 4910 балабақша болса, оның 10 пайызы ғана инклюзивті білім берумен қамтылған, – деді Б.Хаменова.
Сондай-ақ ол педагогикалық-психологиялық түзету кабинет­терін ашу күн тәтібіндегі бірінші жұмыс екенін де айтты. Бала саны 1 миллионға жетіп отырған ОҚО-да бар болғаны екі түзету кабинеті бар екен. Статистика бойынша, Қа­зақстанда 810 техникалық жә­не кәсіптік білім беретін оқу орны бар. Олардың ішінде дифектология мамандығында оқитын студенттердің саны – 570 адам.
Дөңгелек үстел қорытын­дылары бойынша дайындаған еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар Үкіметке жіберілетін болды.

Көркем ӨМІРӘЛІ

Бөлісу:

Пікір жазу


*