Конституциялық өзгерістер – демократиялық қоғам айнасы

546
0
Бөлісу:

Жалпы, мемлекет басшысы шексіз билікке қол жеткізу мақсатында өз өкілеттігін кеңейтуге, елдің басшысы ретінде ықпалын асыруға ұмтылатындығы белгілі. Осылайша, демократиялық принциптер мен билік тармақтарының өкілеттігіне зиян келтіріп, қоғамдық бостандықты шектеуі мүмкін. Алайда қазақ тәжірибесіндегі бұл соңғы жағдай көптеген елдерде қалыптасқан дәстүрмен үйлеспейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған бірқатар конституциялық және құқықтық өзгерістеріне сәйкес, Мемлекет басшысы заңмен бекітілген Президент өкілеттігінің басым бөлігінен бас тартып, оларды Үкімет пен Парламентке бермек. Жаңа жағдайда Президент биліктің үш тармағының арасындағы жоғары арбитрдің рөлін атқаратын болады. Елбасы стратегиялық міндеттеріне баса назар аударып, күш-жігерін сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғанысына жұмылдырмақ.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен Президент Нұрсұлтан Назарбаев егеменді Қазақстанның алғашқы Президенті мәртебесінде тарихи жауапкершіліктермен бетпе-бет жолықты. Атап айтқанда, Н.Назарбаев қиын кезеңде – Кеңестік Одақтың күйреген, саяси және экономикалық орталықпен байланыстардың үзілген ауыр жылдары билікке келді. Сондықтан да ол кезеңде Президент елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты ел билігін өз қолына жинақтауға, көптеген өкілеттілікті мойнына алуға тиісті болды.
Президенттің көптеген өкілеттілікті қолына жинақтауы – жеке дара билеп-төстеу үшін емес, керісінше, елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына жетумен байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жақын арада конституциялық өзгерістер енгізілетіндігін, соның негізінде Президент ерікті түрде заңмен бекітілген бірқатар өкілеттігінен бас тартып, оларды Үкімет пен заң шығарушы орган – Парламентке беретінін бұл, өз кезегінде, Парламенттің, еліміздегі сот жүйесі мен прокуратураның рөлін кеңейтетінін және олардың конституциялық құрылысымыздың бұл- жымайтынына кепілдік беретінін жариялады.
Осы өзгерістерге сәйкес, Үкімет өз өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатады. Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібі оңайлатады. Осылайша, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа бақылау жасауы күшейтіледі. Бұдан басқа Үкіметке өзі толықтай жауапкершілік арқалайтын мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді тапсыру орынды болмақ, сонымен қатар Үкіметке өзіне оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру мен тарату құқығы беріледі. Осыдан соң Президент Үкімет пен Премьер-министрдің актілерінің іс-әрекетінің күшін жою, я болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады.
Осының барлығы атқарушы мемлекеттік органдар мен оның басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктер береді. Заң күші бар Президент Жарлықтарын қабылдау мүмкіндігі туралы норма көкейтестілігін жояды,
өйткені ол міндет жергілікті атқарушы билікке қатысты Парламентке жүктелетін болады.
Менің пікірімше, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай қадамдарға саналы түрде баруы – қазіргі заман тарихында алғаш рет қазақстандықтар үшін мемлекет құрып жатқандығының айқын көрінісі. Ол заңмен және Конституциямен бекітілген президенттік өкілеттікті өзі үшін пайдаланбай, керісінше, оны сырттан жарнамалап тықпалайтын демократияға ұрындырмай, ұзақ жолдан өткен елдің тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдісі ретінде қолдана білді. Қазақстан келешек қадамдарын жан-жақты ойластырған, халқы саяси жетілген, тұрақтылыққа қол жеткізіп толысқан кезеңде, яғни, ол өзінің саяси құқығын елдің экономикалық ахуалы мен қауіпсіздігіне зиян келтірмей, еркін де демократиялық түрде іске асыра алатын жағдайға жеткенде ғана нақты демократиялық қоғамға айнала алмақ.


Гюнтер ФЕРХОЙГЕН,
Еуропа комиссиясының бұрынғы вице-президенті, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері бойынша Еуропа комиссары:
– Бұл Жолдаудың мақсаттары айқын. Онда айтылған мәселелерді жүзеге асыруға әбден болады. Сондай-ақ оларды іске асыру арқылы Қазақстан экономикасына шетелден құйылатын инвестицияларды арттыруға мүмкіндік ашылады. Өзіме шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар жоспары ерекше ұнады. ШОБ субъектілерінің экономикада неғұрлым көп болғаны елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуалдың тұрақты болуына әсер ететіндігін Германияның мысалынан жақсы білеміз.


Мартон ДЬЁНЬДЁШИ,
Венгрия Мемлекеттік жиналысының депутаты:
– Қазақстанның ұзақ мерзімдік саяси жоспарларымен танысып шықтым. Саясаткер ретінде Жолдауды оқи отырып, Қазақстан мен Венгрия арасындағы достық және стратегиялық қатынастарды жақсарта түсу керек. Географиялық орналасуы бойынша біздің елдеріміз алыс болғанымен, жағдайымыз ұқсас. Бізбен салыстырғанда, кездескен қиындықтарға Қазақстан төтеп беріп, Мемлекет басшысы дұрыс шешімдер тауып отырды. Осы жағынан алып қарағанда, Қазақстан – осынау алмағайып заманда тұрақтылығын сақтап қала алған елдің жарқын үлгісі. Реформалардың сәтті жүзеге асқаны – Қазақстанның, ал елдің жетістігі – біздің мүддемізде.


Антон ВАН ГОРП,
«МЕТРО Кэш энд Керри» компаниясының бас директоры:
– Қазақстан жаһандық бәсекелестік жағдайында әлемдік экономикада орын алуы мүмкін сын-тегеуріндерге төтеп беру жолдарын үшінші жаңғыру басталғалы қарастырып жатыр. Осы елдегі халықаралық инвестор ретінде экономиканың технологиялық модернизация мен инфрақұрылымға қаржы құятын шикізаттық емес салаларын дамытуға деген құлшыныстарыңызды құрметтейміз. Себебі, осының арқасында ұзақ мерзімді тұрақтылық орнайды. Сонымен бірге, көбіне азық-түлік сатумен айналысатын компания болғандықтан, аграрлық секторды экономиканың жаңа драйвері ету идеясын да қолдаймыз. Расымен де, Қазақстанның ауылшаруашылық секторының әлеуеті әзірге толық қамтуға жетпейді. Қазақстанның үшінші жаңғыруының басты күші – адамдар. Олардың мүмкіндіктері ел дамуына қосатын үлестері мен тәсілдерінде. Осылайша, әр қазақстандық ел экономикасының дамуына атсалысуға мүмкіндік алады. Елдің саяси жүйесін құруда халықтың қатысуы тиіс деген шешіммен бірге бұл да өте орынды қозғалып отыр.


Биргит ВЕТЦЕЛЬ,
журналист, публицист:
– Қазақстанда не болып жатқанын жіті бақылап отырамын. Жоспарланып отырған реформалар ұнады. Өз Жолдауында Президент экономиканы жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл – өте маңызды. Елдің өркендеуіне жақсы әсер ететініне сенімдімін. Сонымен бірге, білім беру саласына реформалар қажет екендігін де атап өтті. Еуроодақ та, Германия да дәл осы мәселеде Қазақстанға реформалар мен жаңғыртулар жолында жөн сілтеп, көмектесе алады деп ойлаймын.


Худа ӘЛ-МАСРИ,
«Роз әл-Юсуф» журналының журналисі

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*