Қорғаныс өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын аралады

272
0
Бөлісу:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астанадағы қорғаныс өнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорындарын аралады.

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС аралау барысында А.Маминге Airbus Military C-295, Ан 26, Ан 72, Ан 74 сияқты авиациялық техниканы жасау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сатуға маман­дандырылған кәсіп­орын­ның қызметі туралы баян­далды. Мұнда әскери мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппаратта­рын өндіру және шығару ретке келтірілген, Қазақстан­ның Әскери-әуе күштері техникасы – СУ 25, СУ 27, СУ 30-ға қыз­мет көр­сету және жөндеу, же­ңіл­моторлы ұшақтарды құ­растыру және сервис жүргі­­зіледі.
«Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС кәсіп­ор­нында «Қазақстан Инжи­ниринг» ҰК» АҚ басқарма төр­ағасы Е.Ыдырысов Пре­­мьер-министрдің бірінші орын­басары А.Маминге тікұшақ техникасын жа­сауға, құрастыруға, жөн­деуге, тех­никалық қызмет көрсетуге және сатуға ма­манданды­рылған кәсіп­орынның жұ­мы­сы туралы баяндады. Қа­зіргі уақытта мұнда «Қазавиақұт­қару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министр­лігіне арнап 26 тік­ұшақ құрасты­рылған. Тікұшақ техникасын шығаратын зауыт жанында авиациялық оқу орталығы жұмыс жа­сайды. Онда Қазақ­станнан, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядан мамандар келіп оқиды.
Сонымен қоса, А.Мамин брондалған дөңгелекті ма­шиналар мен заманауи бронетранспортерлер шы­ғаратын «Қазақстан Пара­маунт ин­жиниринг» ЖШС-інде болды.
Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің тағы бір нысаны – «Қазақстан Аселсан инжи­ниринг» ЖШС. Мұнда А.Маминді ҚР ҚК қорғаныс қабілетін арттыруға байла­нысты «Жол картасын» іске асыру барысы туралы, жаңа техника мен қарулан­дырудың тәжірибелі үлгіле­рін құру мен жаңғырту жұмыстары туралы ақ­па­раттан­дырды.
Сапар қорытындысы бо­йынша, ҚР Премьер-ми­нистрінің бірінші орын­ба­сары А.Мамин Қа­зақ­­станда өнді­ріл­ген әскери техни­каның экс­порттық әлеуетін одан әрі арттыру жұмыста­рына баса назар аударуды тапсырды.

А.АхметҚазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*