Үкіметке айқын бағдар береді

53
0
Бөлісу:

Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының Үкімет алдына қойып отырған міндеттерін баяндады.
– Президенттің әрбір Жолдауы – еліміз үшін маңызды екендігі белгілі. Жолдаулар бір жағынан халықтың күнделікті тыныс-тірші­лігіне қатысты болса, екінші жа­ғынан стратегиялық тұрғыдан с­и­патталып отырады. Ол Үкіметке ай­қын бағдарлар береді. Сонымен бірге, Жолдаудың жалпы қоғамға да, әрбір азаматқа да арналатындығы белгілі, – деді Премьер-министр орынбасары.
Сондай-ақ вице-премьер Мем­лекет басшысының АӨК-ті дамыту бойынша АШМ алдына қойып отыр­ған міндеттерін де жеткізді.Олар – суб­сидияларды бөлу қағида­ларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруа­шы­лықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту, өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақ­таудың, тасымал­даудың және өткізудің тиімді жүйе­сін құру, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығында­рын төмендету, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жет­кізу, өн­дірісте сұранысқа ие аграр­лық ғы­лы­ми-зерттеулерге салы­натын инвес­тиция көлемін арттыру, орга­никалық өнімге арналған made in Kazakhstan брендін насихаттау және экспорттық әлеуетті арттыру.

Серік Садыр

Бөлісу:

Пікір жазу


*