Жоғарғы сот төрағасы конференцияға қатысты

520
0
Бөлісу:

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна – Қазақстан институтында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Шараға Конституциялық кеңес­тің төрағасы Игорь Рогов, респуб­ликаның ғылыми интел­легенция өкілдері мен жоғары оқу орында­рының профессор-оқы­тушылар құ­рамы қатысты. Жо­ғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми кіріспе сөз сөйлеу бары­сында Жол­дауды орындау және билік тармақ­тарының арасын­дағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформасын жүргізу бо­йынша судьялар корпу­сының алдында тұрған міндеттерді іске асыру бағы­тындағы Жоғарғы соттың жұмысы туралы хабардар етті.
– Мемлекет басшысының консти­туциялық реформа мен Жолдау шең­беріндегі баста­малары біздің еліміз үшін ай­рықша стратегиялық маңызға ие. Олар Қазақстан үшін ішкі және сыртқы сын-қатерлерді анық­тап, оларды еңсерудің жол­дарын та­буға мүмкіндік береді. Жалпы ал­ғанда, осы ре­­формалар мемлекетімізді одан әрі дамытып, әлемнің да­мыған 30 елінің қатарына қо­сылуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Жоғарғы сот төрағасы.
Аталған бастамалардың табысты іске асуы, негізінен, қоғамның оны дұрыс қабыл­дауы мен қолдауына, қойылған барлық міндеттердің түпкі мәнін ұғынуына байланысты екендігі атап өтілді.
– Осы ретте ғылым сала­сының өкілдері мен профессор-оқытушылар қауымдасты­ғының атқаратын рөлі зор. Дәл осы ғылыми-ағартушылық ор­тада, сіздердің принципті пі­кірле­ріңіз, тіпті сыни ойла­ры­ңыз ортаға салынып, орын­ды шешімдер қабыл­данып, мем­лекеттік реформа­ларды жүзеге асы­рудың жолдары қа­рас­тырылуы қажет. Бүгінгі конфе­рен­цияның практикалық ма­ңы­зы да осында, – деді Қ.Мәми.

А.ҚҰРМЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*