Өзекті мәселелерді талқылады

326
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кедендік әкімші­ліктен­діруді жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында кедендік рә­сімдерді жеңілдету, кедендік және шекара инфрақұрылымын кеңейту мен жаңғырту мәселелері қаралды.
Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Инновация­лық техно­логиялар паркі» арнайы экономи­калық аймағын дамыту және жаңа индустрияларды дамытуға жағдайлар жасау мәселелері бойынша тағы бір кеңес өткізді. Кеңес барысында жеке инвес­тициялар тарту, мемлекеттік-же­ке­меншік әріптестік тетіктерін же­тілдіру, индустрия 4.0 бойынша клас­тер қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми-өндірістік және әлеуметтік инфра­құрылым құру мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бо­йынша Бақытжан Сағынтаев сәйкес мемле­кеттік органдарға бірқатар тапсыр­малар берді.
Cондай-ақ Бақытжан Сағынтаев Қорғаныс министрі С.Жасұзақов пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты есебін тыңдады. Бақытжан Сағынтаев қай­ғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тап­сырды. Тексеру барысын Премьер-министр өзінің жеке бақылауына алды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*