Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

464
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Осыған орай келесі аптада депутаттар 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресеймен Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісім­нің және 1996 жылғы 18 қазан­дағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) Жалдау туралы үкіметаралық шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы екі ел ара­сындағы хаттаманы ратифи­кациялау туралы заң жобасын талқыламақ.
Сонымен бірге, осы күні Палата бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олар­дың арасында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне түзетулер енгізу туралы заң жобасымен қатар, Азия Даму банкімен қарыз туралы келі­сімді (жай опера­циялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе – Мақат» ав­томобиль жолын реконструк­циялау жөніндегі жоба) және 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жа­рақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкес­тендіру) белгілерімен таңба­лауды енгізу жөніндегі пилот­тық жобаны 2015-2016 жыл­дары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары бар.

Бөлісу:

Пікір жазу


*