Ардагерлерге «Татулық» құрмет көрсетті

236
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» атты партия жобасы аясында Атырау қалалық мәдениет бөлімі мен  «Татулық»Татар-Башқұрт этномәдени бірлестігімен бірлесіп, әжелерден құралған «Татулық» атты хор шығармашылығының «Көтеріңкі көңіл-күй» атты алғашқы концертін  ардагерлерге тарту етті.

Атыраулық ардагерлер мен қарттар үйіндегі қариялар, Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері куә болған мәдени шара  Татар мен башқұрт халқының ұлттық киімін киген қыздар би тобы «Көтеріңкі көңіл-күй» атты биімен шымылдығын ашты.

Ғасырдан-ғасырға салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтарын сақтап, оны келешегіне аманаттап отырған татар-башқұрт халқының «Сабантуй» мерекесі мен «Татулық» хорының тарихы баян етілді.

Салтанатты  шарада сөз алған «НұрОтан» партиясы облыстық филиалы, «Жас Отан»Жастар қанатының төрағасы Ринат Ғилажев:

– «Ардагерлерді ардақтайық» жоба саясында жас отандықтар ардагерлердің үйіне барып үй жұмысына шаруашылығына әлеуметтік жағдайы төмен қарияларға әрдайым да көмек көрсетеді. Бүгінгі шара, ұлттар арасындағы достықтың, жалпы еліміздегі біртұтастықты паш етеді- деп «НұрОтан» партиясы облыстық филиал атынан алғыс хаттар табыс етті.

«Татулық»Татар-Башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасы, облыстық мәслихат депутаты  Гүлсина Байкенованың айтуынша, «этно-мәдени бірлестіктердің осындай өнер шаралары, ұлттар арасындағы достықты нығайтып, әр ұлттың өзіндік құндылықтарын білуге пайдасын тигізеді».

Атырау облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гүлмира Шакирова мен облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары қазыналы қарияларды ардақтап,ұлттың бірлігі мен тұтастығының өміршеңдігі үшін қоғамдық өмірде белсене жұмыс істеп жүрген «Татулық»татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігі жанынан құрылған өнер ұжымына алғысын айтып,   сый-сияпат табыс етті.

Тұрсын Қалимова.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*