ҚЫСТА ЖҮГІРУДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

256
0
Бөлісу:

Жүгіру – адамның кез келген жасына қолайлы әрі пайдалы спорт түрі. Оның артықшылықтары жайлы білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Дегенмен, қыста бұл спорт түрімен айналысу қаншалықты пайдалы? Әлде оның ағзаға қандай бір зияны бар ма? Анықтап көрейік.

Қыста жүгіру өзге мезгілдермен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы. Бұл алдымен, оттегінің таза болып, өкпеге газдың аз мөлшерде баруына байланысты тұжырымдалған пікір. Себебі таза оттегі тыныс алу жолдарын жақсартады.
Қысқы спорт түрлері денені шынықтырып, иммундық жүйені қорғайды. Әсіресе, жүгіру адам көңіл күйін көтеріп, сергек жүруге, сонымен қатар хандроз бен депрессиядан арылуға көмектеседі. Күн суық кезде адам денесі температураны қалыпты сақтауға көмектесетін күш бөледі. Мұндай уақытта денедегі бұлшықеттер жаз мезгілінен қарағанда екі есе артық жұмыс істейді.
Қыс мезгіліндегі жаттығудың мына ерекшелікеріне көңіл бөлу маңызды:
— ауа температурасы -15°-тан төмен болған жағдайда суық тиігізіп алу қаупі зор, мұндай ауа райы кезінде жүгіру үшін алдымен дұрыс тыныс алуға бейімделу керек;
— жүгіруді бастамас бұрын қандай да бір жарақаттың алдын алу мақсатында денені қыздырып алған жөн;
— жүгіру үшін мейлінше таза ауалы мекенді таңдаңыз (саябақ, орман, т.б.);
— қауіпсіздік мақсатында топ болып жүгіріңіздер;
— ағзаңыздағы судың көлемін сақтай біліңіз. Суықта су ішуге әркімнің зауқы соқпасы анық. Дегенмен, ауа райы қандай болса да жаттығу кезіндегі адам организмі суды қалап тұрады;
— киімді үш компонентке байланысты таңдаңыз: лосина мен гольф термокиім болуы керек, кеудешеңіз кең, ал курткаңыз жел кірмейтіндей ыңғайлы болуы керек. Себебі жүгіріп терлеген денеге суық тигізу оңай;
— аяқ киімге баса назар аударыңыз: табаны жұмсақ әрі тайғанаудан сақтайтын бұдырлы аяқ киім киіңіз;
— ішке жұтылған ауа тым құрғақ болмас үшін бетіңізді мойынорағышпен немесе бетпердемен жауып алыңыз. Егер, ауа райы тым суық болса, онда арнайы балаклаваны (бас киім) киюге болады.
Сонымен қатар, жаттығу уақытына да баса назар аударыңыз. Ағзаңызға бірден күш салмаңыз. Алғашында 15-20 минуттық жүгіруден бастаған жөн. Жаттығу уақытын біртіндеп арттыруға болады. Мүмкіндігінше кез келген жаттығуды маманмен кеңесе отырып жүргізіңіз, бұл ағзаңызға тек қана оң әсерін береді.

 

muslim.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*