Қара металл қабылдап, қақпанға түсті

444
0
Бөлісу:

Астана қаласының ішкі істер департаменті қазіргі уақытта түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеру үстінде.
Елордада Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен полиция қызметкерлері түсті және қара металл (кабель, люк қақпақтары) ұрлаудың алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, Астанада түсті және қара металл қабылдайтын 93 пункт жұмыс істейді, соның ішінде 18-інің лицензиясы болса, 75 пункттің тиісті құжаттары жоқ.
Астана қаласының ІІД хабарлауынша, жедел алдын алу іс-шарасы барысында металл қабылдайтын 55 пункт тексеріліп, қосымша 8 пункт анықталды. Аталған пункттер тіркелмеген және металл қабылдауға рұқсат құжаттары жоқ. Шара барысында түрлі бұзушылықтар үшін 28 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түсті және қара металл ұрлаудың 5 дерегі тіркеліп, айыптылар ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*