Елбасы Беларусь Президентімен сөйлесті

559
1
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның бұдан əәрі дамуының мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Астанадағы
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.

 

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Forever 1 Наурыз, 2017 at 14:26 Жауап

    · Salut.Tu dis « Cette astuce fonctionne dans votre boucle Wooruress &raqPd;, mais tu n’utilises pas get_the_ID() mais $post->ID.Donc cela fonctionne aussi hors de toute boucle.

Пікір жазу


*