Елбасы қоса атқарушы елшілерді тағайындады

503
0
Бөлісу:

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының шетелдегі бірқатар қоса атқарушы елшілері тағайындалды. 

Атап айтқанда, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сингапур Респуб­лика­сындағы Төтенше және өкілетті елшісі Үсен Сүлеймен Қазақстан Республи­ка­сының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса ат­қарушы, Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жанар Айтжан Қазақстан Республикасының Лихтенштейн князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Еге­менді әскери госпитальері орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып бекітілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республи­касының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса ат­қарушы, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұрат Нұртілеуов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы, Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржанов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болды. Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Самат Ордабаев Қазақстан Рес­публикасының Молдова Респуб­ли­касындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне та­ғайындалды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*