Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

121
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қа­зақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығының, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен ІТ саладағы келешегі талқыланды.
Сондай-ақ Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және даму банкінің инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры Томас Майермен кездесу өткізді. Мұнда Қазақстанның халық­аралық қаржы институттарымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, Премьер-министрі Мемлекет бас­шысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша еліміздің бизнес қауым­дастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Жүздесуде Қазақстанның үшінші жаңғыруының мін­деттерін іске асыру мәселелері, соның ішінде экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне ауысу, жаңа ин­дустрияларды құру, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мә­селелері талқыланды.

Ершай ӘЗІРЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*