Инновация мәселелері талқыланды

722
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астанада жұмыс кеңесін өткізіп, отандық ғалымдар мен ұйымдардың ғылыми-тех­никалық жобаларын талқылады. «ЭКСПО – 2017» халықаралық маман­дандырылған көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонына қойылатын жұ­мыстармен танысты.
Мемлекет басшысы өзінің «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында инновацияларға қолдау көрсету, оларды өндіріске жылдам енгізу, ЖОО-лар, Назарбаев университеті және «Алатау» ИТП базасында ғылыми және инновациялық әлеуетті арттыру мәселелеріне баса назар аударған болатын. Осыған орай жиында Энергетика министрлігі жа­нындағы ғылыми-техникалық кеңес 139 инновациялық жобаның 27-сін іріктеп алды. Әзірлемелердің тақырыбы энергияның жаңа жаңғыртпалы көздерін дамыту, энергия үнемдеу және оның тиімділігі, қоршаған ортаға жағымсыз ықпалды төмендету технологияларымен байланысты. Сонымен қатар дербес күн қондырғысын, кіші деривациялық СЭС, қуаттылығы 200 кВТ-қа дейінгі гибридті жел электр стансасы, көмірі бар қалдықтарды плазма химиялық қайта өңдеу технологияларын құру жо­балары да қарастырылды.
Бақытжан Сағынтаев әзірлемелердің ав­­торларымен жобаларға қолдау көрсе­ту және коммерцияландыру, жаңа ин­дус­­трияларды құру мен инновация сала­сын дамыту мәселелеріне тоқталды.Бұ­дан бөлек Премьер-министр тау-кен-метал­лургия саласының ірі жүйе құраушы кәсіпорындарының басшыларымен кеңес өткізіп, Мемлекет басшысының базалық салаларды 2025 жылға дейін технологиялық қайта жарақтандыру туралы тапсырмасы аясында Индустрия 4.0 элементтерін енгізу мәселелерін талқылады.
Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*