Мәжілістің бюро отырысы өтті

239
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығ­ма­тулин­нің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Ол бойынша Мәжіліс депутаттары дене шынықтыру және спорт мәсе­лелеріне түзетулерге қатысты заң жо­басын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Осы күні палата Ресеймен авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім, сондай-ақ 1996 жылғы 18 қазандағы Ресеймен темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері ту­ралы үкіметаралық келісімге өз­герістер енгізу жайында хаттаманы ра­тификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Осы ретте 2012 жылғы 11 мамырдағы Қырғыз елі­мен екі мемлекеттің азаматтары аталған республикалар аумағында болу тәртібі туралы үкіметаралық келісімге түзетулерге қатысты хаттаманы, сондай-ақ осы елмен реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін белгілемек.

А. Ахметқызы

Бөлісу:

Пікір жазу


*