Жиын тақырыбы – бүкілхалықтық талқылау

606
0
Бөлісу:

Ақордада мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Осы аптада «Қазақстан Респуб­ликасының Конс­титуциясына өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімі аяқталады.
Мемлекет басшысы бастама­шылық жасаған консти­туциялық реформаға қоғамдағы қызығу­шы­лықтың деңгейі жоғары болғаны отырыс барысында аталып өтті. Жұмыс тобының атына Парламенттің рөлін, Үкіметтің және жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау қызметін және сот жүйесін жетілдіру жө­нінде, сондай-ақ меншік құқығы мәселелері бойынша үш мыңдай өтініш келіп түсті.
Бұл ұсыныстар Мемлекет бас­шысының конституциялық өкілеттік­теріне де, ел заңдары арқылы белгі­ленген өкілеттіктерге де қатысты.
Жұмыс тобының мүшелері келіп түскен барлық ұсыныстарды жинақ­тап, қорытып, мұқият қарастыру үстінде. Бұл жұмысқа отандық және шетелдік сарапшылар, тиісті мемлекеттік органдар қатысуда.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жо­басы бүкілхалықтық талқылау қо­рытындылары бойынша жетілдіріліп, Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*