Ынтымақтастықтың арқасында ,берік одақ құрдық

593
1
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының пре­зи­денті Владимир Путинмен және делега­ция құрамымен кездесті. 

Әңгіме барысында екіжақты ынты­мақ­тастық мәселелері және күн тәртібіндегі бас­ты халықаралық тақырыптар талқы­лан­ды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ре­сеймен қарым-қатынасының ерекш­е­лі­­гіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін атап өтті.
– Жыл сайын жыл басында қалып­тас­қан дәстүр бойынша жүздесіп, бірлесіп ат­қаратын алдағы жоспарларымызды ор­та­ға салып талқылап отырамыз. Биыл да осы мақсатта Сізбен кездескеніме өте қуа­ныштымын. Қазақстан мен Ресей ара­сындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәң­гі­лік достық пен одақтастық туралы ке­лісімшартты орындау барысында біз көр­ші мемлекеттер арасында болуы тиіс бар­лық жан-жақты қарым-қатынастың үл­гісін көрсете алдық. Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орна­ға­нына 25 жыл толады. Тығыз ынты­мақ­тас­тық арқасында біз Еуразиялық эко­номикалық одақты құрдық. Бұл оның бар­лық қатысушылары үшін маңызды әрі перс­пективалы құрылым деп санаймын. Бү­гінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсі­по­р­ны Қазақстанда өкілдігін ашып, жаңадан қай­та өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал ету­де. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жа­саған сапарыңыз бен Еуразиялық эко­номикалық одақ аясында Санкт-Пе­тербордағы кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларлық 41 келісім­шартқа қол қоюға мүмкіндік берді, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі ха­лықаралық мәселелерге қатысты Қа­зақ­стан мен Ресейдің ұстанымы бірдей еке­­­нін және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ая­сын­­­да ортақ міндеттерді іске асыру үшін екі ел де бар күш-жігерін жұмсайтынын айт­ты.
– Ресей халықаралық өзекті мәселе­лер­ді шешу, соның ішінде Сирия қақты­ғы­сын реттеу жөнінде шаралар қабыл­дау­да. Астанада бірнеше келіссөз өткізу ту­­­­ралы ұсыныс білдірген де Ресей бола­тын. Үдеріс басталып кетті. Жалпы, осы және басқа да мәселелерді шешу үшін жыл бойы бірқатар кездесу өткізу қажет. Со­­­ның бірі 8 маусымда Астанада өтетін Шан­­хай ынтымақтастық ұйымы аясын­да­ғы бас­қосу болмақ. Қазіргі барлық мә­селелер дос­т­ық негізінде шешілуде. Бір­лескен кә­сі­порындар құрып, алға қарай ілгерілейтін бо­ла­мыз, – деп түйіндеді Мемлекет бас­шысы.
В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Си­рия­дағы қақтығысты реттеу жөніндегі ке­ліс­сөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
– Мен бүгінгі кездесуімізді Астанадағы Си­рияға қатысты келіссөздерді ұйымдас­тыр­ғаныңыз үшін сізге алғыс айтудан бас­­тасам деймін. Осы келіссөзге Қазақстан тарапының жай ұйымдастырушы ретінде ғана қа­ты­сып қоймай, маңызды рөл ат­қар­ғанын бі­лемін. Сіз кездесу ұйымдас­тыру­ға тіке­лей атсалысып, қатысу­шы­лар­мен және де­легаттармен жұмыс жүр-
­гіз­діңіз. Сіздің арқаңызда ешқашан бол­ма­ған нәтижеге қол жеткіздік. Әсіресе, атыс­тың тоқта­тылуы­на бақылау жасау те­тігі табылды. Бұл – ең басты мәселе. Енді бұл Женевада жал­ғасатын келіссөздерге негіз болады, – деді Ресей президенті.
В.Путин Қазақстанның Ресейдің бас­ты экономикалық серіктесінің бірі ре­тін­дегі маңыздылығын атап өтіп, интег­рация­лық үдерістер барысында жасалған жағ­дай арқылы нақты көлемді ұлғайтуға қол жеткізіп, ынтымақтастықты ұдайы арт­тырып отыру қажеттігін айтты.
Ресей президенті өз елінің жаһандық мә­селелерді шешуде Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ре­тіндегі қолдауынан үмітті екенін жет­кізд­і.
Кездесу соңында тараптар Еуразиялық ин­теграция аспектілерін және экономика сала­сындағы өзара іс-қимыл перспектива­ла­рын талқылады.
Естеріңізге сала кетсек, 26 ақпанда екі ел Президенттері Алматы маңындағы тау-шаң­ғы саяжайында бейресми кездесу өт­кіз­ген болатын.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Мүсәпір 1 Наурыз, 2017 at 09:46 Жауап

    …Бү­гінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсі­по­р­ны Қазақстанда өкілдігін ашып, жаңадан қай­та өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал ету­де… Ресейде Қазақстандық қанша кәсіпорын ашылды?

Пікір жазу


*