Ауызсу мәселесі шешімін тапты

130
0
Бөлісу:

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті мен германиялық WIND POWER GmbH фирмасы екіжақты әріптестік меморандумына қол қойды.

Құжатта Оңтүстік Қазақ­стан облысының халқын са­палы ауызсумен қамтамасыз ету мә­се­лесі мен жаңа өндіруші күш­терді құру мүм­кін­дігі бөлі­мінде қолда­ныстағы су қой­маларды қайта жаңартуға және жаңа­ларын салуға қатысу күш­терді бірік­тіру мақсаты көз­дел­ген. Сон­дай-ақ қуатты электр энер­гия­­сын өндіру бойынша күш құру жұмыстары да қарас­тырыл­ған.
Атап айтқанда, бұл келісім өз кезегінде ОҚО-ның Қа­зығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара аудандарының елдімекендерін және Шым­кент қаласының тұр­ғындарын (жал­пы алғанда, миллионнан астам тұрғын) таза ауыз­сумен қамта­масыз етудің үлкен бас­тамасы.

Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*