Қазақстан – бақытты өмір бесігі

819
0
Бөлісу:

Елімізді мекендеген ұлт пен ұлыс өкілі қазақ халқына алғыс айтады.

2016 жылы Қазақстан халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Естеріңізде болса, өткен жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялаған еді.
Бұл күн – еліміздегі тыныштық пен үндестік күні. Бұл күн – сенім мен құрмет күні. Бұл күн – ел Президентінің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Елімізге тағдыр тәлкегімен еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қазақ жері мен қонақжай халыққа терең тағзымының белгісі.

Қазақ халқы сонау қиын-қыстау күндерде өзге ұлттардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бір үзім нанды теңдей бөлісті. Мұның бәрі өткен күндердің елесінде қалғанымен, бір мемлекеттің тұрғын­дары, яғни, елі­міздегі түрлі ұлт өкіл­дері арасындағы адам­гершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшемі екенін жоққа шығармаймыз.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев­­тың: «Қазақстан халқы ассамблеясы құ­рылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне мейір­бандық танытып, ол адамдарды өз ту­ғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұ­рынғыдан да гөрі жақындата түседі. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақ­стан­дық­тардың бір-біріне деген достығы мен ма­хаб­батының жарқын мерекесі бола алар еді» дегені айрықша мән мен мазмұнға ие.
Бұл – Алғыс айту күні ғана емес, әрі еліміздегі көпэтносты халықтың ортақ тарихын құрметтеу күні. Сонау тағдырлы замандарда, яғни, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көр­сет­кен мейірімділік пен ақпейілдік, қо­лында бармен бөлісу сияқты озық дәстүрлерді еске алатын күн. Сондықтан бұл күннің айрықша болатын да себебі бар. Біртұтас мемлекетіміз үшін, Мәң­гілік ел мұраты үшін ұлттар мен ұлыс­тардың, түрлі этностардың бір-бірін құрметтеуі, бір-бірінен мейірімін аямауы маңызды. Осы арқылы Қазақстандағы татулық пен тұрақтылықтың, достық пен бірліктің алтын бесігін бейбіт тербету бақыты бүгінгі ұрпақтың қолында!

Жалғасы: БІЗ ҚАЗАҚҚА АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*