25 жылдың ішінде президенттік басқару жүйесі өзінің мақсатын орындады

303
0
Бөлісу:

Бүгін Ақордада билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Ел болашағы үшін айрықша маңызды осы құжаттың тағдырын біз шешуіміз керек. Әрі қарай не істеуіміз керек екендігіне бүгін қорытынды жасап, қашан Парламентке талқылауға түсетіндігін келісуіміз керек. Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізіледі. Бұл жерде айта кететін негізгі мәселе, осының барлығы Президенттегі өкілеттіктерді басқа тармақтарға беру болып отыр. Өздеріңіз де білесіздер, басқа елдерде, президенттің өкілеттігін жоғарылату үшін референдумдар өткізіп, конституциялық өзгерістер енгізіп жатыр. Бізде, керісінше. Себебі 25 жылдың ішінде президенттік басқару жүйесі өзінің алдына қойған халық алдындағы мақсатын орындады», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге салып өтсек, Конституциялық реформаны жалпыхалықтық талқылау осы жылдың 26 ақпанында аяқталған еді.

Baq.kz

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*