5G байланысы ең ірі желісі пайда болды

635
0
Бөлісу:

Бейжіңде 5G стандарттағы ұялы байланыстың әлемдегі ең ірі сынама желісі құрылды.

Желі ел астанасының Хуайжоу ауданында құрылды. Оны жасауға Қытайдың және шетелдің жетекші мамандары тартылды. Олар терминалдарды тестілеуге қажетті жағдай жасаумен айналысуда.  Мұның алдында 5G байланыс технологиясын жасаушы топ басшысы және China Mobile компаниясының технология бөлімінің бас директоры Ван Сяоюнь 5G сынама желісі жобасын жүзеге асыруға Huawei, Nokia, ZTE, Ericsson, Intel және DTT компаниялары ат салысатынын мәлімдеген. Ол 5G технологиясын жасау мен сынақтан өткізудің алғашқы кезеңі аяқталып, мамандар екінші кезеңге көшкенін айтады. Мұның алдында Қытай билігі 2020 жылға дейін телекоммуникация саласындағы қызмет пен бағдарламалық қамсыздандыру бойынша табысты 8 триллион юаньға (1,2 триллоин долларға жуық) арттыруды жоспарлап отырғаны белгілі болған. Сонымен қатар, 2018 жылы елде 4G жылдамдықтағы байланыс түрімен қамтамассыз ететін екі миллион ұялы байланыс станциясы салынатыны да хабарланған.
tengrinews.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*