«Спорттық Алматы» бағдарламасы тамаша жобаны іске қосты

986
0
Бөлісу:

Алматыда қалалықтар мен қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тәрбиелеуге бағытталған «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы жалғасын табуда. Әсіресе, «Медеу» мұз айдынында коньки тебуді тегін үйретуге бағытталған жобасы қалалықтардың қызу қолдауына ие болды.

Теңіз деңгейінен 1600 м биікте орналасқан «Медеу» мұз айдыны өзінің бірігей құрылысымен қатар, тамаша табиғатымен, саф ауасымен келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлап келеді.

Алматының ең көрікті мекені саналатын «Медеу» қай -кезде де қызыққа толы. Қысқы маусымның жабылуына дейін жүргізіліп отырған «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясындағы тегін коньки үйрету жобасы әр аптаның сенбі-жексенбі күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін жалғасын табауда. Мұнда келушілерімен кәсіпқой нұсқаушылар мен өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істеуде.

 

Мөлдір Бақыткаримова, нұсқаушы:

-Бізге 5 жастан – 60 жас аралығындағы келушілер қызметімізді сұранады. Барлық өтінім берушіге «Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы аясында тегін нұсқау көрсетудеміз. Мәселен, конькиге тұру, коньки тебуде оң және сол аяқтармен жұмыс жасау, аяққа күш түсірмей әдемі және біркелкі сырғанауды үйрету ең негізгі қызметіміз.  Бастысы, ниет болса болғаны.

 

Еркебұлан Әлімқұлов,қала тұрғыны:

-Бүгін туған-туыстарыммен сырғанақ теуіп жүріп, осында тосын-сыйға ие боламын деп ойламаппын. Бағдарлама аясындағы  ойын шарттарын мұқият орындап, коньки ұтып алдым. Енді «Медеуге» тұрақты түрде келуді жоспарлап отырмын.

 

Айта кететін жайт, бұл акция бағдарламаға осы жылы қосылған болатын. Ал, «Спорттық Алматы»  ауқымды қалалық бағдарламасы бұқаралық спорттың алып шаһарда дамуына, спорттық-сауықтыруды белсенді насихаттауға бағытталған. Өткен жылдың басында бастау алған жоба осы атаумен Алматы қаласының тұрғындарын түрлі спорттық-бұқаралық шаралармен қуантып келеді.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*