Тұман туындылары

340
0
Бөлісу:

Фото: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Іле Алатауы соңғы уақыттары тұман тоқтайтын тұңғиық мекенге айналған. Медеу шатқалынан Кіші Алматы шатқалдарына жылжыған тұман толқыны сөзсіз фантастикалық көріністерге ие болуда.

Сенбі-жексенбі күндерін тауда өткізетін туристер үшін бұл тамаша демалыс атфосферасын сыйлайды. Әсіресе, биік жотаға, я болмаса тау шыңына өрлесеңіз болғаны, тұман туындыларына кезігесіз. Ал сол сәтте шатқалға түссеңіз, соқыр тұман жер-дүниені басып алғандай үрей туғызады. Бірақ, тұман бірде сейіліп, бірде қайтып арнасына толады. Қызығы да сол. Әр қозғалысы – жаңа бір көрініске ие болады. Ендеше, «Айқын.кз» веб-журналистінің тұман туындыларын суреттейтін шағын фоторепортажын ұсынамыз. 

Горельник шатқалындағы тұман


 

Алматыдан жылжыған тұман – Медеу шатқалына келіп аялдайды


Биік тұмандар теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікке көтеріледі


Кешқұрым сәтте тұман алып қарағайларымен бірге жымдасып, ертегідей көрініске ие болады


 

Тұманның тағы бір жұмысы – осындай кереметтерді сыйлау


 

Тұман туындысында серуендегенге не жетсін!


Мына ақ қайыңмен бірге тау жолы аяқталды. Құздың іші де бос емес, толып алған көк тұман ғана…


Түнгі тұман тым үрейлі. Ол Медеудің өзін жұтып қоюға әзер…


Суреттер: Іле Алатауы шатқалдарында түсірілді

Бөлісу:

Пікір жазу


*