Дін саласында байыптылық керек

260
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына Дін іс­тері және азаматтық қоғам министрлігі­нің қызметі мен алдағы жұмыс жоспары ту­ралы есеп берілді.
Қазақстан Президенті дін саласында қа­лыптасып отырған жағдайға тоқталып, ми­нистрліктің рөлін, оған жүктелген міндеттерді ерекше атап өтті.
– Бұған дейін бізде мұндай министрлік бол­ған жоқ. Діни қоғамдастықтармен, үкі­­меттік емес сектормен және жастар ұйым­дарымен жұмысты жолға қойып, оны әрі қарай жалғастыру қажет, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.
Ұлт Көшбасшысы мемлекеттің дінге жә­не діни ұйымдарға, діни экстремизммен кү­рес шараларына қатысты жүргізіп отыр­ған саясатына айрықша назар аударды.
– Елімізде кез келген діни бірлестіктің жұ­мыс жүргізуіне барлық жағдай жасал­ған, дін ұстану бостандығына кепілдік бе­рілген. Бұл салада бізге байыптылық ке­рек. Сонымен бірге, діни экстремизм мә­селелерін реттеп, заңнаманы қайта қа­рас­тыру қажет. Министрлік алдында ау­қым­ды жұмыстар тұр, – деді Мемлекет бас­шысы.
Н.Ермекбаев өзі басшылық ететін са­ла­дағы жағдайдың тұрақты екенін ха­бар­лап, бүгінде елімізде қызметін жүргізіп отырған 18 конфессияның 3600-ден астам діни бірлестігі бар екенін айтты. Ми­нистр­дің ақпараты бойынша, бірлестік­тер­дің көбі – Ислам дініне тиесілі.
Сондай-ақ Н.Ермекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа министрліктің этносаралық және конфессияаралық татулық пен ке­лісімді сақтай отырып, мемлекет пен діни бірлестіктердің қазақстандық өзара іс-қимыл моделін қалыптастыру бағытын­дағы жұмысы туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елба­сы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*