Көктеммен жеткен – көңілді кеш

572
0
Бөлісу:

ҚазҰУ студенттері көктемді жыл сайын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алады. Соның бір айқын көрінісі университеттік «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі университеттік қазақша КВН ойындарының тартысты өтуі.

Биылғы сайысқа бас-аяғы 9 команда қатысты. Әзілкештерге әділ бағасын берушілер қатарында ҚазҰУ-дың тәрбие ісі департаментінің директоры Жұлдыз Есимова,  «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы Шұғыла Бүрлібаева,  ҚазҰУ қалашығы директорының орынбасары, ҚазҰУ-дің Ыстықкөлдегі спорттық-сауықтыру лагерінің және ҚазҰУ спорт кешенінің директоры Талғат Дүйсембаев, «Сенсация» КВН командасының мүшесі Дәулетхан Ақайдаров, продюсер, «Казахи» КВН ойыншысы, актер Дастан Қалдыбаевтар болды.

«Сұңқар кубогы» КВН ойыны екі сайыстан тұрды. Бірінші «Оқиға» сайысынан басталып,  «Сәлемдесу» сайысымен қорытындылады. Бабы мен бағы оза шапқандар филология және әлем тілдері факультеті – «Фил-Фак құрамасы» командасы, механика-математика факультеті – «Мехмат құрамасы, заң факультеті – «ЮрStyle» командасы, шығыстану факультеті – «Класстастар» командасы, физика-техникалық факультеті – «Физ-тех құрамасы» командалары тікелей финалға жолдама алды.

Досжан Балабекұлы

 

 

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*