Тығыз байланыс орнайды

593
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара іс-қимы­лының өзекті мәселелерін тал­қылады.
Биыл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толды. Қ.Тоқаев Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы жаһандық ұйымның ма­ңызды рөлін атап өтті. Конституциялық рефор­маларға қатысты төраға жаңа түзетулер Қазақстан мем­лекетінің демокра­тиялық, за­йырлы, құқықтық және әлеу­мет­тік негіздерін бекітетіні тур­а­лы пікірін білдірді.
– Реформа билік тар­мақтары арасындағы өкі­леттіктерді қайта бөлуді ғана емес, тәуелсіздіктің мыз­ғымастығы мен Қазақ­стан­ның Тұңғыш Прези­денті не­гізін қалаған басты қағи­далар жөнін­дегі ережелерді де қамтиды, – деді жоғарғы Палатаның бас­шысы.
Сондай-ақ Қазақ­стандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен жауап­кершілігі күшейе түсетініне, ол лауазымға Президенттің ұсынуы бо­йынша Сенат сайлайтыны және жұмыстан боса­таты­нына назар аударды. Кездесу бары­сында жүздесушілер Қазақ­станның БҰҰ Қауіп­сіздік кеңе­сіне мүше болған кездегі Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір ал­масты.
Сенат төрағасы ай­мақ­тық қауіпсіздік пен ынты­мақтастықты нығайту Елбасының Қауіпсіздік кеңе­сіне арнаған үндеуіндегі негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Қазақстан БҰҰ құрылымдарымен, оның ішінде Орталық Азияға арналған пре­вен­тивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталықпен ты­ғыз және нәтижелі ынты­мақтастыққа сенім артатынын айтты. Бұл орта­­лық­тың басшысы, Бас хат­шының арнаулы өкілі Петко Драганов та кездесуге қатысты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*