«Айқынның» тілшісі Елбасымен кездесті

603
2
Бөлісу:

Елбасы 8 наурыз күніне орай әйелдер қауымымен дәстүрлі «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді. Кездесуге «Айқын» газетінің Маңғыстаудағы меншікті тілшісі Венера Мирлан да шақырылды. 

Президент Венера Мирлан жай­лы айта келе «қандай сұлу қыз» деп мақтау сөз айтты. Тіл­ші­міз Президентпен кездесуінен алған әсерімен бөліскен болатын.
Елбасының қабылдауында ең үздік деген Қазақстан әйелдері қатарында болдыңыз. Қандай сезімдесіз?
– Кездесу аяқталса да әлі тол­қып отырмын. Елбасы келмес бұ­рын толқығаннан жылап та алған қыз-келіншектер болды. «Көктем шуағы» биыл жетінші рет өткізілді және алдыңғыларға қарағанда ерекше болды. Елбасы тек кез­десіп қана қоймай, Ақорданы түгел аралатып, өзінің жұмыс ор­нын, қонақ қабылдайтын бөл­месін көрсетті.
Осыдан бір апта бұрын Маң­ғыстауда әр саланың үздіктері ара­сында үлкен іріктеу болатынын хабарлады. 2015 жылы республи­калық ұлттық инновация бай­қауына қатысқанмын. Сонда 250-ге жуық журналистің арасынан үздік атанып, Лондонда он күндік тәжірибе алмасуға барып келдім. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Мемлекет басшысының қатысуы­мен өткен мерекелік шараға да қа­тысқан едім. Биылғы кездесуге қатысамын деп ойламадым. Ел­басымен ресми сұхбат өткізу бөлек те, бір үстелдің басында емін-еркін әңгімелесу басқа. Әсі­ресе, Президенттің маған «қандай сұлу қыз» деп айтқан қошемет сөзі қуантты. Елбасымен кездесу – үлкен мәртебе, зор құрмет!
– Журналистік қызмет жолы­ңыз­ды қалай бастадыңыз?
– Бұл салада жүргеніме 10 жыл болды. Жоғарғы сыныптан бастап аудандық газеттерге мақала жаза бастадым. Атыраудағы Х.Досма­ғанбетов атындағы университеттің журналистика мамандығы бойын­ша аяқтадым. Оқу бітірген соң «Қазақстан – Атырау», «31-арна» телеарналарында жұмыс істедім. «Айқында» меншікті тілші болып істеп жатқаныма 4-5 жылдай болды. Әр саланың өз қиындығы бар. Журналистика қыз бала үшін ауыр жұмыс деп есептейтіндер бар. Бірақ өз ісін сүйетін жан үшін бәрі де мүмкін.
– Еліміздегі әйел азаматының қоғамдағы орны мен мүмкіндіктері жайлы не ойлайсыз?
– Кездесуде де айтылғандай әйел адамның миссиясы ошақ қасында отырып, бала тәрбиесімен ғана шектелмейді. Қазақстанда әйел азаматтар кәсіпкерлікте де, құқық қорғау саласында да, сән индустриясы мен қорғаныста да белсенділік танытып келеді. Мә­се­лен, кездесуде өзінің жеке күзет компаниясын ашқан әйелдер де болды. Сондықтан талпынысы бар әрбір қыз баласына елімізде мүмкіндіктер көп.
Көктемнің шуақты мерекесі­мен барша қазақстандық әйелдер қауымын құттықтаймын! Анала­рымыз аман болсын! Әр отбасынан береке-бірлік кетпесін!

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. маңдайлы 9 Наурыз, 2017 at 01:35 Жауап

    Венера үшін қуаныштымын,бірақ білгім келге
    ні ол Елбасымен кездесуге «Айқынның» мен
    шікті тілшісі ретінде ғана барды ма əлде облыстық «Маңғыстау»газетінің қызметкері
    болғандықтан облыстың қыз-келіншектерінің
    өкілі болып барды ма?»Айқын»болғасын еш
    нəрсені бүкпей,айқын жазу керек емес пе?

Пікір жазу


*