Селдің алдын алатын кез келді

259
0
Бөлісу:

Елімізде жыл сайын наурыз айының басында өткізілетін республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. «Көктем – 2017» республикалық оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары көктемгі су тасқыны кезеңінде болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға, селдің зардаптарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындалады. ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті өткізіп жатқан республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың негізгі көшпелі басқару штабы биыл Қостанай қаласында орналасқан.

Республиканың оңтүстігінде жер қарая бастағанмен таулы ай­мақ­тарында, солтүстік, шығыс облыстарында қалың түскен қар енді отыра бастады. Жылдың осы мезгілінде тау беткейлеріндегі нығыздалған сеңдердің мұрты бұ­зылып, сел жүру қаупі туындайды. Соған байланысты ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті көктемгі су тасқыны кезеңі шарт­тарындағы төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мем­лекеттік жүйесі мен ха­лықтың әзірлігін және қабілет­тілігін арт­тыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңіндегі төтенше жағ­дайларға әзірлігін тексеру мақ­сатында ке­зекті республикалық оқу-жат­тығуларын өткізіп жатыр.
Еліміздің барлық өңірде «Көк­тем – 2017» республикалық ко­мандалық-штабтық оқу-жат­тығуы аясында азаматтық қорғау ава­риялық-құтқару қызметтері­мен және құралымдарымен так­тикалық-арнайы жаттықтыру­ларын өткізу жоспарланған. Көк­темгі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ұйымдас­тырылып отырған оқу-жаттығуға орталық атқарушы органдар, облыс­тардың, Астана және Ал­ма­ты қалаларының жергілікті атқа­рушы органдары сияқты азамат­тық қорғау мемлекеттік жүйесінің барлық органдары, төтенше жағ­дайлардың алдын алу және олар­дың зардаптарын жою жөніндегі комиссиялар, облыс­тық, аудан­дық және қалалық азаматтық қор­ғау қызметтері, авариялық-құт­қару қызметтері мен құралымдары жұмыл­ды­рылған.
– Оқу-жаттығуға дайындалу және оны өткізу барысында – көктемгі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдарын басқару бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарының үйлес­кен іс-қимылдары және өзара жа­салатын іс-қимылдарды жетілдіру, жергілікті тұрғындарды құлақтан­дыру және байланыс жүйелерінің әзірлігін тексеру, Азаматтық қор­ғау мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейде жедел кезекшілікті, болжау жұ­мысы мен диспетчерлік қызметті, мониторинг жүргізуді ұйымдас­тыру, материалдық-техникалық қор, азық-түлік пен медициналық резервтерді құру, су тасқыны қаупі болжамдарын ескере отырып, аумақтардың қауіп­сіздік паспорт­тарына, ТЖ жою бойынша іс-қимыл жоспар­ларына, эвакуа­циялау мен өзара іс-қимыл жасау іс-шараларына нақтылау және түзетулер енгізу, төтенше жағ­дайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ко­миссияның, су тасқынына қарсы және эвакуа­циялау комиссия­ларының, аза­мат­тық қорғау қыз­меттері мен құралымдары жедел штабтарының жұмысын ұйымдас­тыру, су тас­қыны, су басулар мен су жайылу­лар шарттарындағы іс-қимылдарға түсіндіру және ха­лық­ты оқытуды ұйым­дастыру сияқ­ты жұмыстарды ат­қарып жатырмыз.

Алматы қаласы бойынша жаттығуға 2 мың адам, 678 техника қатысуда. Қазір Алатау ауданындағы Энергетик елдімекенінде Қарғалы өзенінің арнасын тазалау, су жүретін жерлерді тереңдету, жағаларды бекіту сияқты селден қорғау жұмыстары жүргізілуде. Оған 139 адам, 24 техника жұмылдырылды. Бұрынғы жылдары көктем кезінде мұнда 30 шақты үйдің ауласына су жайылған болатын, – дейді Алматы қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Қалымбек Ақбұзауов.
Республика бойынша таулы аймақтарда селден қорғау жұмыстары сәл бұрынырақ басталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазселденқорғау» ММ мамандары бұдан бір-екі апта бұрын қар көшкіндерін және сел қаупін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» тас жолында профи­лактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, қауіпті жерлерден 21 500 текше метр қар түсіріліп, құтқару қызметі аймақтағы көшкін және сел қаупінің алдын алды. «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану басқармасының мамандары Талғар асуының оңтүстік-шығыс баурайындағы «Школьник» шыңында 2000 текше метр қар көшкін түсірді. Қазіргі уақытта Талғар асуының оңтүстік-шығыс баурайында қар көшкіндері және сел жүру қаупі жоқ.
Көктемгі топан су солтүстік об­лыстарда әлі жүре қойған жоқ. Күннің көзі күрт жылып, еріген қардың суы күрт көбейген жағдайда көптеген елді­мекендерге су жайылады. Таулы қыраттардан сай салаға тасып аққан көктемгі су өзендерге, көлдерге келіп құяды. Еріп үлгермеген өзен бетіндегі мұздың үстіне су шығып кетіп, жағалаудағы елдімекендерді басып қалатын жағдайлар жиі болады. Ауа райының күрт өзгеріп, қыс бойына түскен қалың қардың тез еруіне байланысты, Батыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Өткен жылдары Деркөл және Шаған өзендерінде мұз жүру кезінде мұздың арнаға кептелуі жиі болды. БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы А.Еремеевтің мәлімдеуінше, мұз кептелістерін болдырмау мақсатында Батыс Қазақстан облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының құт­қарушылары су кетудің алдын алу жұ­мыс­тарына кірісіп кетті. Олар мұз қалыңдығын әлсірету үшін оны бұрғылап және өсінді бұтақтарды кесіп, су бетіне түскен ағаштарды жинады. Бүгінгі күні Деркөл сағасында, Деркөл, Шаған және Жайық өзендеріндегі бұрылыстарда жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар 50 мың шаршы метр аумақта жасалды. Үш күн ішінде 5639 ойық бұрғыланды. Облыс бойынша мұз кептелісі болуы мүмкін, су басу қаупі бар жерлерді және қардың қалыпты еруін құтқарушылар үнемі қадағалап отырады.
Республикадағы Сырдария, Есіл сияқты сел жүру қаупі бар барлық өзендердің бойында осындай топан судың алдын алу бойынша қауырт жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*