Конституциялық Кеңестің қаулысы жарияланды

249
0
Бөлісу:

2017 жылы 9 наурызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық кеңестің нормативтік қаулысы жария етілді.

Бұрын хабарлағанымыздай ағымдағы жылғы 6 наурызда Қазақстан Респуб­ликасының Президенті аталған заңды Қазақстан Республикасының Консти­туциясына, оның ішінде Конституцияда белгіленген құндылықтарға Республика қызметінің түбегейлі принциптеріне, басқару нысанына сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық кеңеске өтініш жолдады. Конституциялық кеңес өз шеші­мінде 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Респуб­ликасының Президентіне қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Ресуб­ликасының заңы Қазақстан Республи­касының Конституциясына, оның ішінде Республиканың конституциялық құн­дылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті.
Айта кетейік, «Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы 19-бап бойынша 26 тү­зетуді қарастырады. Парламентте болған талқылау кезінде депутаттар Президенттің Ішкі істер министрін өзін тағайындауы, террористердің ғана азаматтығын айыру секілді мәселелерді қайта қараған бо­латын.
Негізгі заңды өзгертуге қатысты талқы­лау бір ай бойы жүрді. Қазақстанның әр түкпірінде он мыңдаған кездесу өткізіліп, БАҚ беттерінде осы тақырыпқа байла­нысты мыңдаған мақала жарияланды. Тіп­ті бұл тақырып күн тәртібінен түспей, әлеу­меттік желілерде қозғалған ең негізгі мәселеге айналды. Қорытындысында, жал­пыхалықтық талқылаудың нәтижесі бойынша, республикамыздың әр тара­пынан мемлекеттік өкілеттіктерді бөлуге қатысты алты мыңға жуық ұсыныс түсті. Ол ұсыныстың бәрі де әбден сұрып­талып, жіті сарапталып, Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі Парламентке жол­данды. Еліміздің заң шығарушы орга­нындағы сағаттарға созылған талқылаудан кейін, депутаттар екі оқылымда да елдің негізгі құжатына өзгертулер мен толы­қтырулар енгізуді мақұлдап, Елбасының қарауына жіберді. Конституциялық кеңес Елбасыға қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Респуб­ликасының Конс­титуциясына өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды конституциялық құндылықтарға сәйкес деп тапты. Енді соңғы шешімді Пре­зидент қабылдайтын болады.
Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*