Үздік университет қатарына қосылды

331
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады.

Ректор Мемлекет басшысын универ­ситеттің өткен жылдардағы қызметі мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жө­нінде хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
– Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соң қабылданған алғашқы шешімдердің бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздың бас қаласымен бірге оның атағы мен абырой-беделі артып ке­леді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жо­ғары оқу орындарының алдыңғы шебінде, – деді Қазақстан Президенті.
Жоғары оқу орнының басшысы бүгінде университетте 17 мыңнан астам студент білім алып жатқанын, оның көбі үш тілді еркін меңгергенін мәлімдеді. Бұл фактор­лар білім алушылардың академиялық мобильділігіне септігін тигізді.
– Оқу орны өз деңгейін ұдайы арттырып келеді және қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 345-орынды иеленіп отыр. Уни­верситетте жұмыс істейтін шетелдік оқыту­шылар, сондай-ақ жұмыс берушілер сту­денттеріміздің дайындығына жоғары баға беруде. Еуразия университеті түлек­терінің жұмысқа орналасу критерийі жө­нінен рес­публикада алдыңғы орындардың бірін иелен­ді. Ұлыбританияның беделді QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойын­ша, Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік универ­ситеттерінің қатарына қосылды, – деді Е.Сыдықов.

Бөлісу:

Пікір жазу


*