Жер астындағы жасырын жолдар

461
0
Бөлісу:

Талай заман өтсе де, сырын тереңге жасырған құпия жайттар көбейіп барады. Оған әр жерден дерегі шығып жатқан оқиғалар тізбегі куә. Ал мұның себебі неде? Адам баласы жұмбақ әрі тосыннан табылып жатқан деректердің түйінін неге осы күнге дейін шеше алмай келеді? Өйткені түсініксіз нәрселер көп. Құпия бола түсетіні де сондықтан шығар.

Кейінгі кезде ел мен елді, құрлық пен құрлықтың арасын жалғайтын жерасты тоннельдердің бары жөнінде әңгіме жиі айтыла бастады. Шын мәнінде мұндай жолдар бар ма? Онда олар қандай мақсатқа пайдаланылған? Кейбір жорамал «жерасты тоннельдері «қырғи-қабақ» соғыс кезінде арнайы жасалынған, мұндай әскери жасырын жолдардың бары рас» деген дерекке арқа сүйейді.
Мысалға жүгінсек, 2003 жылы Ресейдің Солнечногорск қаласының маңындағы Без­ден­ное көлінен жергілікті жүр­гі­зушінің АҚШ әскери теңіз күштері сарбазының киімнің сыртынан киетін құтқару жилетін тауып алғаны біразға дейін әңгіме арқауына айналды. Тіпті жилеттің сыртында «матрос Сэм Беловский» деген жазудың бары да байқалған. Ал бұл теңізші жауынгер кім? Оның жилеті мұнда қайдан жүр? Деректанушылар 2000 жылдың 12 қазанында Аденс портында лаңкестер «Коуэлл» кемесін жарғанын айтады. Жары­лыс­тың салдарынан 4 матрос қайтыс болып, 10 теңізші, (оның ішінде Беловский де бар) із-түссіз жоғалып кеткені белгілі. Оқиғаның болғаны рас. Тынық мұхиты аймағында орын алған лаңкестік жарылыстан соң із-түссіз кеткен матростың киімі неге Мәскеу маңындағы көлден табылды? Екі арадағы қашы­қ­тықты өлшейтін болсақ, оның ұзындығы 4 мың шақырымды құрайды екен. Демек, бұдан шы­ғатын бір қорытынды бар: жерасты тоннелі болуы мүмкін. Бірақ ол қай кезде соғылды? Жұмбақ сырдың құпиясын әлі күнге дейін ешкім аша алмай әлек.
Бірақ олар адам баласының қолынан жасалынды ма? Ол жағы ашық айтылмай келе жатыр. Осыған дерек көзі ретінде Ресейдің Қырым өлкесіндегі Мраморная жерасты шатқалын айтуға болады. Тау аңғарындағы бұл жол туралы да талай болжам айтылған. Тау-тастың астымен әдейі қазылғандай етіп салынған, үңгірдің аяғы еңістегі теңізге апаратын бұл жол шын мәнінде әскери мақсатқа пайдаланылды ма? Теңіз деңгейінен 900 метр биіктіктен төмен қарай диаметрі 20 метрдей болатын жол неге теңізге барып тіреледі? Түсініксіз. Бірақ бұл тауасты тоннелін қазір жүріп өту мүмкін емес. Әртүрлі табиғи апаттың салдарынан бүгінгі күнде бұл жол жартылай жабылып қалған. Бірақ жерасты қойнауын зерттеушілердің Қырым тауындағы бұл жасырын жолға қатысты бір-ақ жорамалы бар. Бұл басқа емес, осы тау өлкесіне алып астероидтың құлауының салдарынан орын алған. Мүмкін солай да шығар.
Бірақ тауасты жолы неге теңізге барып тіреледі? Мұның астарында әскери мақсатта пайдаланылған әрекеттің ізі жатқан шығар. Ешкім анығын ашып айта алмайды. Кавказ аймағын зерттеген уфологтар Арус тауынан Қырым жарты түбегіне және Краснодар, Ейск және Дондағы Ростов қаласына қарай бағыт алатын, Поволжьяға дейін созылған жерасты тоннелі бол­ғанын жасырмайды. Тіпті кейбір зерттеушілер Краснодардан Каспийге қарай баратын тон­нелдің де болғанын ашық айтып отыр. Бірақ бұл деректер болжам түрінде ғана бізге жеткен. Кавказ аймағын зерттегендер бірақ осы болжамдарын ғылыми негізге сүйеніп нақты айта алған жоқ. Жорамал болғасын, жұрт оған сене қоя ма екен?!
Бірақ 1997 жылы Поволжья маңын зерттеген «Космопоиска» ғылыми зерттеу экспедициясы диаметрі 7-20 метр болып, барған сайын аумағы үлкейіп, аяғы 120 метрге жететін жерасты тоннелін тапқан. Бұл жеті бағытта қарай кеткен. Бірақ ол қандай мақсатта пайдаланылды? Ол жағы енді белгісіз. Бірқатар орыс зерттеушілері «Ресейдің Қиыр Шығыс, Алтай, Урал, Қырым тауларында мұндай жасырын тоннельдер көп. Тек олардың қай жерден бастау алатынан табу керек» деген пікірде. Жалпы, мамандар Кавказ тауларында да осындай тосын шахталардың барын айтады. Мысалы, Геленджик шатқалында тереңдігі 100 метрге дейін баратын тік шұңқыр, шахта бар. Бірақ бұл жер сілкінісінен пайда болды ма, ол жағын ешкім зерттеп көрген жоқ.
Дегенмен кейбір жерасты тоннельдері адам баласының қолымен жасалынды деген дерекке сену болады. Ресейлік мамандар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Минис­тр­лер кеңесінің арнайы құ­пия қаулысы шыққанын да мойындайды. Онда Татар түбе­гінен бастау алып, Сахалинге дейін созылатын жерасты темір жолын салу жоспарланған. Бірақ бұл жобаның құпиялылығы кейін жойылған. Мүмкін КСРО-ға бұл жоспар өте қымбатқа түскен шығар. Аталған құпия жоба мәлім болмас та еді. Мұны алып империя құ­­лағаннан кейін жасырын құ­­ры­­лысқа қатысқан физика-математика ғылымдарының док­торы Л.Берман 1991 жылы жария етті. Кейін бұл дерек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан да жоғалып кетті деседі. Шындығында, ресми Мәскеу Сахалинге дейін, ары қарай Токиоға апаратын жерасты жолын салып, әскери мақсатта пайдаланғысы келген шығар.
Жалпы, құпияға толы мұндай жасырын жолдар әлемнің әр қиырынан табылып жатыр. Мысалы, осыдан ондаған жыл бұрын Англияда метро салып жатқан құрылысшылар жер- астын ойып жатқан тұста арғы жақтан тұрақты түрде естіліп жатқан дыбысты естіген. Үлкен қабырғаны ойғанда, төмен қарай жасалынған арнайы баспалд­ақ­тар­ды көрген. Бірақ бұл не, ол туралы нақтылық жоқ.
Бұл ғана емес, Америка кон­ти­­ненті де осындай жерасты тоннельдеріне аса бай. АҚШ-тың белгілі зерттеушісі Эндрю Томас Америка құрлығында тік және көлбеу бағыттағы неше түр­лі тоннельдердің барын ай­тады. Олардың барлығы да жақ­сы сақталған. Мысалы, Шаста та­уы­­нан Калифорнияға және Нью-Мексикоға қарай бағыт алатын жол бар. Бірақ бұл қа­зір жұмыс істемейді. Жабық. Жал­пы, Америка – өз ішіндегі құпиясын сыртқа еш уақытта мә­лім етпейтін ел. Тағы бір мысал, 1990 жылдарға дейін АҚШ-тың Невада штатында да ядролық сынақ жүргізіліп келгені мәлім. Осындай бір сынақ жүргізілгенде, екі сағаттан кейін Канаданың әскери базасында радиацияның деңгейі белгіленген нормадан бірден 20 есеге де­йін артқан. Ал Невада мен Кана­да­­­ның арасы 2000 шақырым құрайтынын ескерсек, мұның сыры неде? АҚШ-та жасалған ядро­лық сы­­нақтың әсері неге Ка­­­­на­­да­дан сезілді? Кейін анық­тал­­ған­дай, сынақ жасалған поли­­гон­ның маңайында үлкен жерасты жырасы болған. Демек, мамандардың «осы жерастынан созылған жыра арқылы радиация Канада жерінен бір-ақ шықты» деген болжамы аздап болса да, шындыққа сәйкес келеді.
Уфологтар Мексиканың халық аз қоныстанған жерінде тереңдігі бір шақырымға созылатын, ені 100 метр шамасындағы үң­гір­­дің барын дерек ретінде келтіреді. Оның жақтаулары тегіс, кәсіби сылақшылар жұмыс істегендей әсер қалдырады. Тіпті әр жаққа қарай бағыт алатын бөлмелері де бар. Мүмкін бұл да құрлықаралық жасырын тоннельдердің бірі шығар? Бірақ қай мемлекет өзінің құпия сы­рын өзі мәлім етеді? Қалай айт­­қанда да, мұндай жобалар әс­кери мақсатты көздейді деп бол­­жам жасауға болады. Құпия ұста­лынатыны да сондықтан шығар.
Ғалымдар жерасты жолын зерттеген кезде, олардың қабыр­ға­­ларында әртүрлі суреттердің салынғанын айтады. Ол сурет­терде түсініксіз тілдегі жазулар мен динозаврлар, белгісіз сим­вол­дар көп ұшырасады. 1976 жылы Перу мен Эквадордың аралығындағы екі елді жалғап тұратын құрлықаралық жерасты тоннелін тапқан ғылыми-зерт­­теу экспедиция мүшелері қы­зық­ты жайтқа кезіккен. Кіре берістегі бөлменің ортасына үстел қойылған, оның айналасында белгісіз материалдан жасалған орындықтың биіктігі екі метрдей болған. Ал қалған бөлмелер өте жіңішке етіп салынған. Қабыр­ғадағы сөреде 400 беттік кітаптар тұрған. Оның беттеріне түсініксіз шрифтпен сандар жазылған. Демек, бұл жер құнды ақпарат сақтайтын орталық болған. Ең белгісіз нәрсе, мұндай орындар не үшін жасалынды, ол жағы ашық айтылмайды. Соған қара­ғанда, көп елдерде жасырын әрі әртүрлі мақсатты көздейтін осындай жерасты жолдар бар. Бұрын құпия болып, қазір пай­да­ланбаған соң ғана елге жа­рия болып жатқан болар.
Әрине, мұның барлығы да бұрын жұртшылыққа айтылмай келгені ақиқат. Сондықтан да әртүрлі болжам айтылады, құпия ұсталынғасын, күдік көбейеді. Сан түрлі болжам жасалынады. Бірақ осындай жария етілмеген жобалардың көбісі адамзаттың қо­­лымен арнайы мақсатта жа­са­­­лынатынын да жоққа шы­ғар­­­­мауымыз керек. Біздің айт­па­ғымыз не?
Мысалы, қазір Түркия мем­ле­к­еті дәл осындай құрлықаралық тоннель жасауды қолға алды. Ердоғанның елі Ыстамбұлдың еуропалық және азиялық бөлігін жалғайтын «Мармарай» темір жол тоннелін 2004 жылдан бері салып жатқаны туралы «Азаттық» радиосы хабарлады. Тоннельдің ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Оның 1,4 шықырымы Ыстамбұлды екіге бөліп, Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін жалғап тұрған Босфор бұғазының асты­мен жүргізілмек. 55 метр тереңдікте салынған бұл нысан – әлемдегі ең терең жерасты тоннелі болайын деп тұр.
Түркия үкіметінің болжа­мын­ша, тоннель арқылы күніне 1,5 миллион адам тасымалданып, Ыстамбұлдағы көлік қозғалысын біршама жеңілдетеді.
Демек, адамзат игілігі үшін жасалған мұндай жобаларда жасырын ештеңе болмайды. Мүмкін бізге қазір құпия болып отырған жерасты тоннельдері де бір кезеңдерде белгілі бір мақсатты көздеген шығар…

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*