Желіктірген желілер

438
0
Бөлісу:

Қазір «бүкіл әлем бұзылып барады» десек, оған ешкім таңғалмайды. Өйткені бірқатар мұсылман елдері болмаса, дүниенің төрт бұрышындағы көптеген мемлекеттер көргенсіздікпен қанша күрессе де, еш нәтиже шығара алмай отыр. Дамыған елдердің діңкесі құрып, дамушы елдердің дымы ішінде. Осындайда қазекемнің «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген аталы сөзі еске түседі.

Елімізге тәуелсіздікпен бірге көр­генсіздік те келді. «Осы тым қыс­қа емес пе?» деген ойға жете­лей­тін белдемшелер мен жейделер бұ­рынғыдан да ықшамдала түсті. Кін­дік көрсететін қыздар мен де­несіне сурет салып жүретін серіл­ер­дің саны артты. Ерні мен қасына, құ­лағы мен кіндігіне, мұрны мен маң­дайына темір қыстыру – үйрен­шікті құбылысқа айналды. Әлемнің әр шалғайымен байланысымыз нығайған сайын осы секілді сой­қан­дар үдеп бара жатқандай. Жар­ты­лай жалаңаш жүру жай нәрсе екен, енді жалаңаш көше кезетіндер қы­лаң берді. Айталық, күні кеше ас­таналық бір қыздың жалаңаш су­реті дүйім елді дүрліктірді. «Сот оты­рысында қыз жігітінің оқиға болған күні Hummer маркалы көлік сатып алғанын және көліктің жа­нында әдемі сурет жасауы үшін үй­дің ауласында шешінгенін айт­қан, ал жігіт ұялы телефонының ка­мерасына түсіріп алған. Бұл су­реттер екеуара қолдануға ғана түсі­ріл­ген. Алайда қыздың сүйіктісі қа­телесіп, WhatsApp мессенд­жерін­де­гі Hummer көліктерінің қоғам­дас­тығы тобына салып жіберген. Ол кі­нәсін толықтай мойындады, ендігіде мұндайды қайталамай­ты­нын айтып отыр», – дейді сот құ­жа­тын­да.
Ұяттың өртіне тірідей жанып кетуге дайын тұруға тиіс жастардың бұл әрекеті «байқаусызда болды» деуі­не сіз сенесіз бе?
Бұл аз десеңіз, әлеуметтік же­лі­лер­де қазақ қызының үйдегі айна ал­дында тұрып жалаңаш түскен су­реттері де дауға ұласты. Сол қыз та­нымал телеарналардың біріндегі пі­кірталаста ақыл айтқан жұрттың бе­тінен алып, мұны қаралайтындай оқи­ға етіп көрсетпеуді сұрады. Тіпті жа­сы үлкен кісілерге ақыл айтып, өз әрекетіне жауап бере алатын жас­та екендігін де құлаққағыс жа­сады. Қазақ қызының өзін-өзі ақ­тауы да заманға қайшы емес кө­рі­не­ді. «Мен толық шешінген жоқ­пын. Аз да болса, ішкиімім болды. Осы­ған да шу шығаруға бола ма? Он­да су жағасында шомылғандар-ға да шабуылдайық», – деген қыз­дың әң­гімесінің арғы жағында көр­­генсіздіктің көкесі тұрғанын аң­ғар­дық.
Осы әрекетке байланысты Tengrinews.kz-те пікір білдірген Пси­хоанализ институтының дирек­торы Анна Құдиярова: «Қазір адам­дар олардың жалаңаш денесін бі­реулердің көргенін қалайды. Егер адам мұны сирек қалайтын болса, біз бұл процесті «эксгибиоционизм» деп атаймыз. Егерде бұл одан ары асқынатын болса, жалаңаш де­несін көрсетуге әуес адамдар пси­хиатрға немесе психосарап­шы­ларға көріну керек. Сондай-ақ өзгелердің интим суреттерін қарап отыруға құмар адамдар да бар. Оларды «вуайе­ристер» деп атаймыз. Яғни, бірін­ші топтағы адамдар жалаңаш де­нелерінің суреттерін әлеуметтік желілерге жүктей отырып, лайк жи­нап отырады. Тіпті ол суреттерге жа­ғымсыз пікір қалдырылса да, бұл адам­дар оны қалыпты жағдай деп са­­найды. Вуайеристер болса, біреу­лердің интим суреттерін жариялап, басқа адамдармен бірге соны қа­рап отырғанды ұнатады», – дейді.
Иә, бір нәрсеге ғылыми баға бер­ген орынды. Бірақ оның арғы жа­ғындағы зардапқа кім баға бере­ді? Қалай айтсақ та қазақтың қанын бұзатын, қадірін кетіретін, ұрпағын ұятқа қалдыратын әрекеттер көбею үстінде. Тіпті кейбіреулер мұны ақ­ша табудың амалы, жарнамаға жол табу ретінде қарастыратындар да бар. Бірақ жалаңаш жарнама – жақ­сылықтың нышаны емес.
Әлеуметтік желінің ашық­ты­ғы­ның арғы жағында сойқан саясат жат­қаны анық. Әзірше оны белгілі бір топ қана білуі мүмкін. Сол топ­тың ойлап тапқан жаңалығы жан ауыр­татын деңгейге көтерілді. Осы төңіректе әңгіме қозғағанда біз, не­гізінен, орыстілді сайттар мен әлеу­меттік желілерді қарай­ты­ны­мыз шындық. Орыстар жалаңаш су­реттер жариялаудан әлемдегі «ең озық» жиырма елдің қатарына ен­ген. Порнографияға деген сұраныс өте жоғары. Айталық, бір порталға был­тыр миллиондаған адам кіріп, олар 92 миллиард порнороликтерді көрген. Бұдан біреулер қыруар қа­ра­жат көруі мүмкін, ал зардап шегіп отырғандар одан да көп екені дау­сыз.
Осы саланы зерттеп жүргендер АҚШ, Исландия, Ұлыбритания, Ка­нада, Жаңа Зеландия, Үндістан, Жа­пония елдерінің жастары жаға ұс­татарлық жағдайда өмір сүріп жа­тыр деп есептейді. Аталған елдерде ар­сыз әрекеттердің, қылмыстың көп­тігі, жезөкшелердің жолы бо­­лып тұрғаны – желілердің «жемісті» ең­бегі деп санайды.
Тағы бір рейтинг – пор­тал­ға кіретіндер туралы. Бұл жағынан филип­пин­діктер алдына жан сал­май­ды. Тұрғындар пор­ноөнім­­дер қарауға орта есеппен тәулігіне 12 ми­нут 45 секунд жұмсайды. Оңтүс­тік Африка жұрты экраннан 10 ми­нут 46 секунд, америкалық-тар – 10 минут 15 секунд, кана­да­лық­тар – 9 минут 49 секунд, авст­ра­лия­лық­тар – 9 минут 44 секунд, ре­сейліктер 8 минут 13 секунд көз ал­майды.


Дерек пен дәйек:

• Қазіргі кезде жұрт көзіне түсуге құштар арулар қатары өте көп. Әлемдегі әдемі әйелдердің бәрі дүниежүзіне танылудың бірден-бір жолы ретінде жалаңаш суретке түсу деп түсінеді. Мысалы, ең танымал порножұлдыз – Ким Кардашьян. Оны тамашалайтындардың саны 30 миллионға жеткен.
• Анджелина Джоли де актрисалықпен қатар, жер шарына танылудың тамаша жолы ретінде жартылай жалаңаш суретке түсуді таңдаған.
• Жақында АҚШ-та бір топ киножұлдыздарына AVN Awards сыйлығы берілген. Олардың қатарында Эшлинн Брук, Дженна Хейз, Джесси Джейн, Лиза Энн және басқалар бар. Жарты-
лай жалаңаш кейіпкерлерді сомдауға құштар актрисалар
осы сыйлықты алуды абырой санайды.


Жат нәрсеге соншалықты мән бер­мейтін кубалықтар екен. Олар кү­ніне орта есепппен 4 минут 57 секунд уақыт бөледі. Одан кейінгі тізім­ге Молдавия, Грузия, Армения, Украина, Беларуссия және Қазақ­стан іліккен.
ТМД аумағында әлеуметтік же­лілерді жөнге салып, жастардың бұ­зылып кетпеуіне барынша назар ау­дарып отырған Өзбекстан, Тә­жік­стан, Түркіменстан, Шешенстан се­кілді елдер баршылық. Алайда олар­дан өнеге алудың соншалықты қиын болып тұрғаны түсініксіз. «Біз суицид пен «көк китті» қалай құр­та­мыз?» деген сұрақ төңірегінде ғана жұмыстар жүргізіп жатқан сияқты­мыз. Негізінде үйде де, түзде де адам­ды алжастыратын, жаман жол­ға түсіретін әрекеттің бәріне саналы түрде тосқауыл қою керек.
Дәрігерлердің айтуынша, пор­нографиялық бейнероликтерді кө­ру – физиологиялық қызығу­шы­лықтан туындайды. Бұл жынысқа да, жұмысқа да қарамайтын кө­рінеді. Дегенмен ерлер әйелдерге қа­рағанда көбірек «қызық» қуа­ты­ны анықталған. Нақтырақ айтсақ, нәзікжандыларға қарағанда 26 пайыз көп тамашалайды. Сонымен қатар бұл құбылыстың қарқын алып тұрғаны да қорқынышты. Айталық, Филиппиндер аралында тұратын жұрт 2015 жылға қарағанда 2016 жы­лы порно қарауға тәуелділік жа­ғынан рекорд жасаған. Ямайканы ме­кендеген арулардың 46 пайызы бә­лені өздері іздейтін көрінеді. Шек­тен шыққан осындай құбылыс қа­зақтың да басын айналдыра бас­тағаны өкінішті.
Футболды жақсы көретіндердің көп­тігін біз айтпасақ та білесіздер. Осыдан кейінгі орында қызығу­шы­лық тудыратын порносуреттер мен ро­ликтер екен. Тіпті ел ішінде саяси оқи­ғалар немесе тосын жағдайлар ті­келей эфир арқылы беріліп жатса да назар аудармай, тек порно көріп отыра беретін жастардың көптігі АҚШ-тың өзін таңғалдыруда. Осын­­дай жат әдет, жаман қылықтан орыс­тар сақтана бастапты. Мәсе­лен, Ресей Федерациясы өз аума­ғын­да порнопорталына кіруді жауып тастаған.
Осындай жүздеген, тіпті мың­да­ған дерек пен дәйектен соң, «Біз ен­ді кімнен үлгі аламыз?» деген орын­ды сауал туындайды. Шынын айт­сақ, үлгіні тек заңы қатал елдер­ден алуымыз керек. Қоғамның дер­тін емдейтін нәрсе – жақсы заң. Заңы әлсіз елдің әлегі көп.


Дерек пен дәйек:

• Жыл сайын әлемде 13 000 «ересектерге арналған» фильм жа­рық көреді. Одан 13 миллиард доллар табыс түсіп отырады. Салыстырмалы түрде айтсақ, Голливуд жылына 507 фильм түсіріп, 8,8 миллиард теңге ғана табады.
• Порноиндустрия АҚШ-та NBC, CBS және ABC компанияла-рын қо­са алғанда көбірек табыс әкеледі. Тіпті бұл сала Google, Amazon, eBay, Yahoo, және Netflix компанияларының табысын шаң қаптырған.
• Әр секунд сайын 30 000 000 қолданушы интернетте порно қа­райды.
• Тағы бір көңіл көншітпейтін статистика адамдардың қандай пор­но видеоны тамашалауды ұнататынына қатысты болып отыр. 2005 – 2013 жылдар арасында «жеткіншектердің порносын» тамашалайтындар саны үш есеге артқан.
• АҚШ порно түсіруден әлем бойынша көш бастап тұр. Олар­дың бұл саладағы үлесі – 98 пайыз.
• Солтүстік Кореяда порно қарағандар өлім жазасына кесі­леді.
• Интернеттегі бүкіл ақпараттың жартысы порноға қатысты жүктелген.
• Монреаль университетінің зерттеушілері ер-азаматтардың де­ні порноны 10 жасынан бастап қарайтынын анықтады.
• Күн сайын АҚШ-та 68 млн адам порно туралы ақпарат із­дей­ді.
• АҚШ-тан кейін порноматериал әзірлеуден алғашқы қатарда Германия тұр.
• АҚШ-та әр 39 минут сайын жаңа порнофильм жарыққа шығады. (www.ZHARAR.com).


Халқымызда «Қар қылаумен өсе­ді, бала сылаумен өседі» деген ма­қал бар. Иә, қар қылаумен өсетіні рас, бірақ бала сылаумен емес – сот­камен өсетін уақыт келді. Бесік­те­гі бала жыласа да қалта телефо­нын­­дағы әуендерді жүктеп, түрлі кө­ріністерді көрсету арқылы алдай­тын­дар жеткілікті. Олар үшін бала жы­ламаса болғаны, ал ұялы теле­фон­ның уытын ескермейді.
Тіпті ересектердің неге қате­ле­се­тіндігі түсініксіз. Бұрындары үйде де, аулада да жалаңаш жүрген адам көрмеуші едік. Қазір кейбір зия­лы­лардың үйіне барсаңыз, шортымен шапқылап жүреді. «Бөтен кісі келіп тұр-ау, ұят болар» деген ой оларды не­ге мазаламайтыны түсініксіз?
Соңғы кездері жалаңаш көшеге шы­ғатындардың пайда болуы – са­надағы үрейді өршітті. Қарағанды об­лысының Теміртау қаласында, Оң­түстік Қазақстан облысында, тіп­ті Астана көшелерінде де жа­лаңаш жүргендерді полиция амал­сыз тоқтатқаны есімізде. Жалпы, жұрттың өзі әлгіндей әпенділерге үндемейтіні түсініксіз.
Былтыр Алматыдағы сауда үйі­нің бірі жалаңаш келіп сауда жа­сағандарға 5 мың теңге көлемінде азық-түлік таратып масқара болды. Осының өзі елімізде ұяттың ұмы­ты­ла бастағанын байқатты.
Айта берсек, әңгіме көп. Ойға қал­дыратын оқиғалар жеткілікті. Әлеу­меттік желінің жақсылығын пай­далану орнына, жаман жақтары­на мән берудің соңы жақсылыққа апармайды. Екінің бірінің қолында ұялы телефон. Оның ішінде небір бә­ле жатқаны түсінікті. Соны ере­сек­терден бұрын, балалар көретіні өкі­нішті.
Ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов «Қа­заққа ар-ұят ең жоғары санала­ды» депті кезінде. Сол ұлы сөздердің ұр­пақ бойында ғұмыр бойы сақ­тал­ғаны және оның келер ұрпаққа да жетуі – бәріміз үшін қымбат қа­зы­на.
Осыны ұмытпайық.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*