«Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

366
0
Бөлісу:

Құрметті қазақстандықтар!
Еліміз жаңа тарихи дәуірге аяқ басты.
2017 жылғы 10 наурызда Елбасы­мыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңына қол қойып, Қазақстанның саяси, эко­номикалық және әлеуметтік жаң­ғыруының іргетасын қалады.
Мемлекет басшысы бастамалық еткен конституциялық реформа­ларды бұрын-соңды болмаған кең көлемдегі жалпыхалықтық тал­қылауы, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билік тармақтары ара­сында өкілеттіктерді қайта бөлу жө­ніндегі алты мыңнан астам ұсыныс­тары, еліміздің жоғары заңнамалық органының негізгі заңға өзгерістерді жан-жақты қарастыруы мен қабыл­дауы – бұл Қазақстан халқының азаматтық келісімі мен бірлігінің дәлелді көрінісі, Елбасының елімізді жаңғыртудағы салиқалы саясатын қазақстандықтардың бірауыздан қолдауының дәлелі.
Елбасымыз Парламенттің бір­лес­кен отырысында атап өткендей, конституциялық реформа, ең ал­дымен біздің қоғамды шоғырлан­дыруға бағытталған.
Еліміздің Президенті Үшінші жаңғыру және «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы аясында алға қойған мақсаттардың ауқымдылығы мен күрделілігін ескерсек, Тәуел­сіз­дік, бірлік, тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім сияқ­ты іргелі құндылықтардың маңы­зы тек арта түседі.
Негізгі заңның қағидатты түрдегі маңызды ережесі – ол мықты прези­денттік биліктің сақталуы және жаңартылған Конституцияда Тәуел­сіз Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін орнықтыру.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, қазақстандық табыстың басты архитекторының үздік басқа­руымен біздің республика ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге әйгілі, тұрақтылық, бірлік және қарқынды экономикалық даму орталығы бо­лып табылатын қуатты және беделді республикаға айналды.
Жаңартылған Конституция бү­кіл мемлекеттік басқару жүйесінің одан да тиімді және үйлесімді жұмыс істеуіне мықты мүмкіндік туғызады. Экономика саласында Үкіметтің атқарушы өкілеттіктері мен дербес­тігінің кеңеюі, және оның жауапкер­шілігі мен Парламент алдындағы есеп беруі – саяси жүйенің тұрақ­тылығы мен мемлекет дамуының ұзақ жылдық кепілі.
Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы өсіп келе жатқан рөлі Үкіметтен ағымдағы және страте­гиялық жұмыстың сапалы жаңа дең­гейін, жоғары заң шығарушы орган, ол арқылы Қазақстан халқы алдын­дағы ашықтығы мен есеп беруін талап етеді.
Мұның Қазақстан экономика­сының инновациялық даму мақсат­тарына және әлемнің алдыңғы қа­тарлы 30 мемлекетінің деңгейіне жетудегі маңызды мәні бар.
Парламент және жергілікті өкі­лет­ті органдар рөлінің өсуі халық пен билік арасындағы негізгі байла­ныстырушы тетік, саяси процестер мен қоғамдық талқылаулардың бел­сенді субъектілері, барлық әлеу­мет­тік топтар мүддесінің өкілі ретінде Қазақстанның барлық саяси партия­ларының жауапкершілігін және даму мүмкіндігін күшейтеді. Саяси жүйені дамытудың Конституцияға енгізіл­ген үлкен әлеуеті еліміздің барлық саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктеріне қосымша талаптарды жүктейді.
Еліміздің Ата заңының дәуірлік жаңғыртылуы қолданыстағы заңдар­ды ретке келтіру, азаматтық қоғам­ның жалпы заңнамалық базаны же­тіл­діруге және конституциялық ре­формаларды одан әрі жүзеге асыруға кеңінен қатысуы бойынша ауқымды жұмыстарды қажет етеді.
Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коа­ли­циясының мүшелері, барлық әлеу­меттік топтардың мүддесін білдіретін жетекші саяси күштер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілетті және бедел­ді ұйымы ретінде барлық мемлекет азаматтарын қоғамдық келісім мен бейбітшілік, тұрақтылық және еліміз­дің дамуы үшін консти­туциялық ре­формаларды қолдауды және оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз.
2017 жылғы 10 наурыз


 

«Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан Ком­мунистік халық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық-де­мокра­тиялық партиясы, «Қазақстан Республикасының кә­сіподақтар федерациясы» республика­лық кәсіподақтар бірлестігі, «Ата­мекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қа­зақ­стан кәсіпкерлері форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Прези­дентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қарулы Күштерінің Ардагерлері» республи­калық қоғамдық бірлестігі, «Қазақ­стан Республикасының Ұлттық инже­нерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғам­дық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлға­лар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушы­ларының ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер әйел­дер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан арда­гер­лері» Ауғанстан соғысы ардагер­лерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сы­байлас жемқорлыққа қарсы жалпы­ұлт­тық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» ба­лалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық демократиялық күштердің «Қазақ­стан – 2050» коалициясының мү­шелері.

Бөлісу:

Пікір жазу


*