Бұл сурет қай сурет?

789
0
Бөлісу:

Кazmuseum.kz сайты «Кунсткамера музейі қазақтарға қатысты суреттерді жариялады» мақаласында қазаққа қатысы бар деген 4 фотосурет жариялапты. Мақала соңында «Фотосуреттерді белгісіз суретшілер түсірген» депті. Осыған байланысты бұл суреттер жайлы мәлімет бермекшімін.

Біріншісі. «Киргизка. Туркестан. Конец XIX века » фотосуреті. Бұл сурет 1885-1899 жылдары түсірілген. Суреттегі қазақ емес, қырғыз қызы. Авторы – Ф.Ордэн. Музейдегі нөмірі – 255-61.

Екіншісі. «Казах Аслан-Бий. Туркестан. Вторая половина XIX века» фотосуреті. Бұл сурет алғаш рет фон Кауфманның «Түркістан альбомында» жарияланған. Түсірілген жері – Самарқан. Музейдегі нөмірі – 1718-223.

Үшіншісі. «Солдаты-мусльмане за молитвой. 1916 год» фотосуреті. Суреттің қазаққа қатысы аздау. Кунсткамерадан түпнұсқасын таба алмадым. Ал «История России в фотографиях» жобасында бұл сурет жайлы «Духовщинский полк. Солдаты-мусульмане за молитвой» деп жазылған. Духовщинский 267-й пехотный полк туралы Википедиядан мәлімет алуға болады. Бізге қатысы жоқ болғасын, тоқталмадым!

Төртіншісі. «Девушка в свадебном костюме и головном уборе «саукеле» фотосуреті. 1899 жылы түсірілген. Авторы – С.Дудин. Түсірілген жері – Семей. Музейдегі нөмірі – 1199-88.

Серікбол ХАСАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*