Гоудың 100 матчы

118
0
Бөлісу:

Өткен сенбіде («Қайрат» — «Оқжетпес» — 2:2) котдивуарлық шабуылшы Жерар Гоу «Қайрат» сапындағы 100-матчын өткізді.

Ол «Қайратқа» 2014 жылдың маусым айында Ресейдің «Краснодар» командасынан ауысты. Содан бері Гоу:

— Қазақстан премьер-лигасында 71 матч өткізіп, 57 нол соқты;

— Қазақстан кубогында 11 матчқа қатысып, 5 гол авторы атанды;

— Еуропа лигасындағы 15 матчта 7 гол енгізді;

— Қазақстан суперкубогында 3 ойынның көрігін қыздырды.

Осы 100 матчта африкалық сұрмерген 69 гол соқты.

«Қайрат» сапында ол Қазақстан премьер-лигасының 2 күміс және 1 қола жүлдесін, Қазақстанның 2 кубогын және 2 суперкубогын жеңіп алды.

Қазақстан чемпионаттары тарихындағы мергендер көшінде Ж.Гоу Н.Курганский, К.Көшербаев секілді футболшылармен бірге 38-39 орындарда тұр. Ал легионер мергендер арасында Гоудың көрсеткіші — алтыншы. Оның алдында Ұ.Бақаев (Өзбекстан, 111 гол), Н.Мендес (Бразилия, 79), А.Тлехугов (Ресей, 73), Ж.Ырысметов (Өзбекстан, 61) және Р.Ағабаев (Түркменстан) тұр.

statsport.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*