ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ АЛМАТЫ ГАРНИЗОНЫН ТЕКСЕРДІ

213
0
Бөлісу:

 

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы гарнизонына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен Жансая Омарова.

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында болып, рота командирлерінің «Тактик» біліктілікті арттыру курсының өткізілу барысын тексерді. Алматы гарнизонынасапары барысында ведомство басшысы Құрлық әскерлері мен Құрлық әскерлері Әскери институтының командалық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Отырыста рота командирлерімен курс жұмыстарын әрі қарай сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовжұмыс сапары шеңберінде Алматы гарнизонына қарасты 73652 және 11567 әскери бөлімдеріне барып жауынгерлік дайындықтарын тексерді.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*