Қазақ және ағылшын тіліндегі – Kobyzbook

1643
2
Бөлісу:

Қазақтың мәдениеті мен дәстүрлі музы­ка­сы елімізде ғана емес, алыс-жақын шетел­дер­де жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие. Тіпті ұлттық аспаптарымызға ерекше ықы­лас танытып, үйренгісі келетіндер қа­та­ры да аз емес. Қобыз аспабын дәріптеу мақ­са­­тында жуырда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясы Дәстүрлі музы­ка­лық өнер кафедрасының аға оқытушысы, Құр­­манғазы атындағы Қа­зақ ұлттық консер­ва­­­ториясының оқыту­шы­сы, өнертану магис­трі, халық­аралық және республикалық бай­қау­лардың лауреаты Мақсат Медеубек Kobyzbook атты тұңғыш қазақ және ағыл­шын тіліндегі электронды оқу құралын шы­ғар­ды. Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен жүзеге асты.
Электронды оқулықпен әлемнің кез кел­ген жерінен ғаламтор арқылы kobyzbook.kz веб-сайтынан танысып, Play market, App sto­re желілері арқылы ұялы телефон, план­шет, iPad және т.б. құрылғы­лар­ға жүк­тей аласыз. Бұл электронды оқу құралы­ның өзге­ше­лігі, ол тек кәсіби қобызшыларға ғана емес, қобыз аспабын үйренгісі келетін кез кел­ген адамға арналған. Тағы бір өзгешелігі, қобызға қатысты барлық ақпа­рат топтас­ты­ры­лып, жан-жақты қам­тыл­ған. Оқу құра­лының авторы Мақсат Медеу­­бек бұл жобаның ата-бабамыздан келе жатқан қобыз аспабын оқытудың дәс­түр­­лі әдісі – кешенді білім беру жүйесін құрай­тынын баса айтты. Яғни, ұстаз алдымен оқушыға орындалатын күйдің тарихын ай­тып, күйді ойнап көрсетеді. «Ежелден келе жатқан ұлттық аспабымыз қобызға арналған қара­пайым күйдің өзі әр жерде сақталған. Яғни, кейбіреуімен көпшілік таныс емес. Жыл сайын әр аймақтан жас талапкерлер оқу­­ға тапсыруға келгенде кейбір күйді тап­па­ған­дығын, ғаламшардан, оқулықтан ізде­ген­де­рін айтады. Түрлі байқауда жас өрен­­дермен кез­дескенімде, кейбір туынды­лар­ды youtube- тағы бейнетаспаларым арқылы үйрен­ген­ін айтып отырады. Осы сәтте неге бар­лық туындыны жинақтап, өнерлі жастарға ұсын­­басқа деген ой келді. ҚР Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы қорына осындай тың дү­ние бүгінгі заманда аса қажет екенін жеткізіп, ұсы­ныс жасадық. Қор бізді қолдап, күйта­бақ­та­рымызды шығарды. Кейін грант бөлініп осы жобаны іске асыруға кірістік. ҚР Тұң­­ғыш Президенті – Елбасы қорына алғысым шек­­сіз. Себебі, бұл өскелең ұрпақ үшін тап­тырмас дүние болары анық» деді М.Медеу­бек. Әрине, бұл оқу құралының бүгінгі заман тала­бының сұраныстарына жауап беруі үшін оқу­шылар мен студенттердің пікірі ескеріл­ген екен. Жобаны іске асыруға бір жыл уақыт кетіпті.


Автордан оқулықтың ағылшын тіліндегі нұс­қасын шығаруға не түрткі болғанын сұра­ған едік. «Шетелде ұлттық музыкамызға там­са­нып, қызығатындар көп. Байқауларға шық­­қанымда, өзге елдің өнерпаздары қобыз­ды қандай сайт арқылы үйренуге болатынын, бұл аспаптың терең тарихымен танысқысы келе­­тіндерін сұраған. Содан кейін Фран­ция­­дан келген Виктория есімді шәкіртіме қобыз үйреттім. Ғаламтор арқылы да қаншама өрен қобыздың қыр-сырын сұрап отыратын. Десе де, мұны бір жүйеге келтіру керек екенін аңғардым. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлт болып сақталып қалу үшін осындай мұра­мызды барша жұртқа насихаттаған маңызды. Осы орайда бұл электронды оқулықтың ағыл­шын нұсқасын жасау ел үшін, мәде­ние­тімізді таныту үшін аса қажет. Содан ағыл­шын тіліндегі нұсқасын қолға алдық. Бұл нұс­қасы қазір әлі де жасақталып жатыр. Ал­да­ғы уақытта толықтырып отырамыз» деді.
Біз де телефонымызға жүктеп, оқу құра­лы­мен таныстық. Байқағанымыз, бүгінгі ұр­пақ үшін өте тартымды әрі ыңғайлы дүние екен. Оқу құралы он бір бөлімнен тұрады. Кі­ріс­педе Kobyzbook жайында толық мағ­лұ­мат берілсе, Қобыз туралы бөлімінде қо­быз­­дың шығу тарихы, «қобыз» атауының эти­­мологиясы, қобыз типологиясы, құры­лы­сы, жасалуы жайлы ақпарат беріліп, пай­да­ла­нылған және пайдалануға болатын оқу құ­­рал­­дары, оқулықтар мен ғылыми ең­бек­тер­дің тізімі ұсы­ныл­ған. Үшінші «қобыз­шы­лар» бөлімі «Тарихи тұлғалар» және «Қа­зіргі заман қобызшылары» деген екі тар­мақ­тан тұрады. Мұнда Қор­қыт, Ықылас және т.б. тарихи тұл­ға­лардан бастап, осы күнгі қобыз ас­п­а­бын насихаттап, үйретіп жүрген ұс­таздар мен күйші-орындау­шы­лар­дың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат берілген. Тарихи тұлғалардың өмірбаяндары А.Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері», М.Жарқынбековтың «Қорқыт, Елім-ай», Ғ.Оразалиева – Шілдебаеваның «Ғасырлар­мен үндескен қобыз» сияқты еңбектерінен алын­ған. Сабақтар бөлімі үш тармақтан тұрады: Қобыз күйлері тармағына қобыз­дың дәстүрлі күйлері мен қазіргі заман ком­по­зиторларының күйлері кірсе, Домбыра күйлері – қобызға лайықталған домбыра күйлері. Әндер тармағына халықтың және халық сазгерлері мен қазіргі заман композиторларының қобызға лайықталған әндері енгізілген. Тізімде көрсетілген кез келген күйдің немесе әннің атауын басқанда, сол туындыға қатысты бірнеше бөлімшелер тізімі шығады.
Дерек тізілімінде күйдің аңызы мен авторы жайында ақпарат беріледі. Қобыз күйлерінің аңыздары А.Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» еңбегінен және
Б.Қосбасаровтың «Қобыз өнері» кітабынан алынғанын айта кету керек. Электронды оқулықтың ең ұтымды тұсы – арнайы бей­не­көрсетілімдермен сабақтардың бері­луінде. Көрсетілім (видео) тізілімінде – Kobyzbook авторының күй орындап жатқандағы бейнетүсірілімі ұсынылған. Қобызды үйренуші өнерпаз бейнесабақ­тар арқылы өз қарым-қабілетін жетіл­діреді. Бейнесабақта күйде пайдаланылатын аппликатураларды анық таныстыру үшін орындаушының сол қолы үлкейтіліп көрсетілген.
Тыңдалым (аудио) бөлімінде Kobyz­­book авторының орындауындағы күй­­­­дің аудио нұсқасы бар. Пысықтау сұрақ­тары атты бөлімде оқушы Kobyzbook-те берілген қобызға қатысты ақпараттарға, қобыз­шылардың өмірі мен шығарма­шы­лығына, күй авторлары мен аңыздарына қатысты алған білімін тест сұрақтары арқылы тек­серіп, шыңдай алады. Сонымен қатар нотасы да жинақталған. Нотасы атты бөлі­мін­де күйді тыңдай отырып, нотасына көз жүгірте аласыз.
Kobyzbook үнемі жаңа ақпараттармен, күйлермен, жаңа­лықтармен толықтырылып отырмақ. Алдағы уақытта жаңа бөлімдерді қосу ойда бар.

 

Ақбота ИСЛӘМБЕК

 

Бөлісу:

2 пікір жазылған

Пікір жазу


*