«Айқындықтар» – Амал мерекесінде

1074
2
Бөлісу:

Айдан аман,  жылдан есен шыққан «Айқын» газетінің ұжымы Амал мерекесін көрісу  рәсімінен бастап, бір-біріне жақсы тілектер жаудырып, айрықша жағдайда атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, биыл басылымның оқырманға жол тартқанына – 13 жыл. Айтулы датаға орай ұжым  қызметкерлері акция жариялап, көктемнің алғашқы күнінен бастап,  ұлттық  нақышта киіну туралы бастама көтерген.

26 наурызда «Нұр Отан» партиясы мен «Эйр Астана» АҚ қолдауымен «Айқын» газетінің жүлдесі үшін журналистер, блогерлер, баспасөз хатшыларының қатысуымен шахматтан Аikyn media open турнирін ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, бірқатар жоғары оқу орындарында ұжым қызметкерлерімен арнайы кездесу өтпек.

Бір айға жалғасатын осы бастама аясында «айқындықтар» бүгінгі мерекені де елеусіз қалдырған  жоқ.  Жас журналистер аға буын өкілдерінің  ақыл-кеңесін тыңдап, жасы үлкен аға-апайларының  ақ батасын алды. Бір-бірімен төс қағыстырып, амандық-саулық тіледі.

Бас редактор Нұртөре Жүсіп мерекенің маңыздылығына тоқталып, ұжым мүшелерінің шаңырағына шаттық, бақ, береке, ырыс тіледі.
Мереке құтты болсын, бауырлар!

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

Фото: Айтжан Мұрзанов

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Перизат 14 Наурыз, 2017 at 15:46 Жауап

    Керемет бастама. Есімде студент кезимде бұл мерекени алғаш естигенмин. Бірақ батыс облыстар тойлатын. Бисимилла деп бизге де жетіп, кеңінен таралып жатқанына куаныштымын. Бастамаларынызга сәттілік.

  2. Salamat Sadykova 20 Наурыз, 2017 at 13:59 Жауап

    Mynau nagyz kalemger jurttun,oz elin,jerin jakshylyktarga,ata-babalarybyzdan kele jankan asyldyktarga yndoosy,niyetteriniz ak tilekterinizder jumurai jurtka yntymak-yrahkerliktin jyzyn taanytyaarynda kyman jok! Barakelde jurnalisttik kalemgerdin oz eline adaldygyn ak-tilegin jar salayp jatkan ekensizder,kudaydin kulagy syiynsyn! Bali Kazagym! «Айқын» газетінің-jalpy emgek jamaatynda kuchak tolgon kubanychtarynyz,jyroktordy jylytkan syiynychtorynyzdor arta bersin!

Пікір жазу


*